Шілденің 5-і күні Моңғолияда жаңадан сайланған парламент депутаттары ант қабылдайды. Олардың арасында үш этникалық қазақ бар.
Маусымның 28-і күні Стамбулдағы Ататүрік әуежайында болған атыс пен жарылыстардан ондаған адам қаза тапты. Азаттық Түркиядағы кешегі жарылыстан кейінгі ахуалды сондағы қазақтардан да сұрап білді.
Иранда тұрып жатқан этникалық қазақ азаматы ол жақтағы жерді жекеменшікке берудің жайын, бұл іске үкіметтің қалай араласатынын әңгімелеп берді.
Өткен аптада Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр өлкесіндегі қазақтар мекен ететін Алтай мен Іле-Қазақ аймақтарында толассыз жаңбырдан өзен тасып, бірнеше ауданда адам өліп, мал шығын болған.
Тұңғыш рет Қытайда тұратын қазақ ақындарының өлеңдері жинағы Қазақстанда жарық көрді. «Сексеуілдің шоғы» атты кітапқа туындылары енген ақындар шығармаларының қазақстандық оқырмандарға жеткеніне риза.
«Жігіттер негізінен футбол ойнауға уақыт жұмсайды». Ирандағы қазақтарды «жақсы тұрады» деп сипаттаған Мехран Пилтан осы елдің Горган қаласында туған. Горган маңындағы газ өңдеу зауытында жұмыс істейтін ол Азаттыққа Ирандағы қазақ жастары өмірін әңгімелеп берді.
Измир қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан Алаш Қазақ ауылында тұратын ерлі-зайыпты Шеризат Доғру мен Гүлнар Сәлімжанқызы ондаған жыл бойы қымыз ашытып, оны сатумен айналысып келеді.
Қазақ тілі олимпиадасында жеңімпаз атанып, оқу гранттарын иеленгендер арасында Моңғолиядағы қазақ жастары да бар. Бірақ ол оқушылардың ұстазы елдеріндегі қазақ тілінің болашағына алаңдайтынын айтады.
Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хатында жер дауын қоғам пікірін ескере отырып реттеуді сұрайды. Олар Қазақстанды дүрбелеңнен сақтау үшін жұрт көңіліндегі күмәнді сейілту қажет екенін айтады.
Тәжікстанда ұлты тәжік азаматтардың аты-жөнін тәжіктендіру биылдан бастап заң жүзінде жүзеге аспақ. Қазақстанда мұндай тәртіп қабылданғанына жиырма жыл болды. Екі елде де бұл ерікті түрде жүргізіледі.
Чехияда тұратын 20 жастағы қазақстандық музыкант Бауыржан Батырбеков Праганың архитектурасынан шабыт алады, консерваторияда оқиды әрі музыкадан «өз орнын табуды» армандайды.
Прагада тұратын қазақстандықтар құрған «Табысты және жайдары оптимистер клубы» ТМД елдерінен келген жастар арасында көбірек таныла бастады. Клуб ұраны - «Life in кайф».
Тағы