Жас заңгер Уәлихан Қарасаев жақында турист ретінде Солтүстік Кореяға барып қайтты. Азаттыққа берген сұхбатында ол әлемдегі ең жабық елге жасаған саяхатының жай-жапсарын айтты.
Парсы және түркі халықтарының көбі жыл басы деп есептейтін Наурыз Иранда 13 күн тойланып, енді бітті. Ол елдегі қазақтар жергілікті халық ықпалымен салт-дәстүрлері өзгеріп бара жатқанын айтады.
25 жастағы Қытай қазағы Ерланбек Кәтейұлы еркін күрестен биыл Рио-де-Жанейро олимпиадасына барады. Азаттық тілшісі шетелдегі қазақ балуанымен сұхбаттасқан еді.
Германияда докторлық қорғаған моңғолиялық қазақ Алаубек Әбділұлы қазір бизнеспен айналысады. Ол мұны «ғылыми ізденістерімді іс жүзінде пайдаланып көргім келді» деп түсіндіреді.
Анкарадағы Гази университетінде журналистика докторантурасын оқып жүрген қазақстандық студент Түркия қазақтарының тыныс-тіршілігі мен соңғы кезде бұл елде жиілеген жарылыстар жайлы әңгімелеп берді.
Ережесіз жекпе-жектен Қытайда өткен халықаралық жарыс финалына шыққан екі қазақ спортшының бірі Азаттыққа берген сұхбатында қарсыласымен неліктен күш сынаспағанын түсіндірді.
Стамбулда тұратын қазақ шет елдердегі, әсіресе Ресей мен Қытай және Моңғолиядағы қандастарының білім алу жайын сөз етті.
Сергелдеңге түскен маңғыстаулық оралмандар туралы Азаттықта жарияланған мақаладан соң облыстық әкімдік 150-ден астам оралманның Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргенін растады.
Малайзияда Қазақстаннан барған 1500-дей жас оқып жүр. Азаттық тілшісімен сөйлескен студенттер ол елде оқудың ерекшеліктері жайлы әңгімеледі.
Моңғолияда тұратын 17 жасар боксшы Нұржамила Батырбекқызы биыл ол елдегі жасөспірімдер біріншілігінде жеңімпаз атанды.
Vimeo-дағы шағын фильмдері арқылы танылып, «көшпенді документалист» атана бастаған Брэндон Ли Азаттыққа Моңғолиядағы қазақ бүркітшілерді қалай түсіргенін айтып берді.
Баян-Өлгий аймағындағы Соғақ ауылында 10 жыл бұрын еріктілер көмегімен ашылған балабақша әлі жұмыс істеп тұр. Қазір онда 120 бала бар.
Тағы