Қытайда туған қазақ жазушысы, тарихшы, этнограф Зейнолла Сәніктің еңбектері Алматыда 15 том болып басылып шықты. Жинаққа оның алғашқы романы «Сергелдең», «Тұғырыл хан» секілді көлемді шығармалары, Қытай архивтерінен жазған зерттеу еңбектері енді. 2013 жылы Алматыда қайтыс болған жазушының өмір жолынан Қытайдағы авторитарлық режимнің 1960 жылдары қарапайым адамға көрсеткен қысымының алуан тәсілін көруге болады.