Бір жарым миллион қазақ тұратын қытай елінен Қазақстанға келіп-кетеміз деген азаматтар виза алу үшін талай тауқыметті бастан кешеді.
Қытайдан жеткен электронды хат, телефон қоңырауларына қарағанда, Қазақстанның Бейжіңдегі консулдығы мен Үрімжідегі төлқұжат-визалық қызметінің айналасында пайдалы бизнес қалыптасқан сияқты.
Еуропадағы қазақтар туралы сөз болса, әңгіме олардың ана тілін ұмытып бара жатқандығына тіреле береді. Ұлыбританияның Кардиф қаласының тұрғыны Ахан Отыншы да бүгінгі ұрпақтың ана тілінен ажырап бара жатқандығына алаңдайтындығын айтады.
Қазақстан үкіметі бекіткен жаңа «Нұрлы көш» бағдарламасынна сәйкес, жыл сайын 20 мың отбасын көшіріп әкелу жоспарланып, алғашқы үш жылға 170 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Қазақстан еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің мәліметіне қарағанда, мемлекеттік квотаға кірген 15 мың отбасының жыл басынан бері шамамен 70 пайызы Қазақстанға қоныс аударған. Келіп жатқандардың көбі Өзбекстан қазақтары екен. Биылғы квота бойынша ол елден барлығы 10885 отбасы көшіп келмек.
Мәжіліс депутаттары Валерий Котович пен Михайл Трошихинның 1990 жылдарың басында Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтардың қайтып келгісі келетіндеріне оралмандармен теңестірілген жеңілдіктер жасау қажеттігі жөнінде мәселе көтеруі қоғамдық пікірге қозғау салды.
Астанада тұрақтап қалғысы келетін оралмандардардың саны 961, бірақ тек 77 отбасына ғана квота берілмек.
Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударып Ақмола облысына арнайы квота бойынша жеткен оралмандардың бірқатары жылдап азаматтығын ала алмай жүр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстандағы өкілдігі осы елдегі оралмандардың қоғаммен етене араласып кетуі үшін оларға құқықтық көмек көрсетуге ниет танытып отыр.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы 14 жылдың жүзі болсада шетжұртта жүрген қазақ ағайындардың атажұртына қарай көші тоқтар емес. Осы жылдары Қазақстанға алыс жақын шетелдерден 350 мыңдай қазақ көшіп келген деген мәлімет бар. Ал биылғы жылы мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан үкіметі шетелден 15 мың қазақ отбасын қабылдағалы отыр.
Қазақстан кәсіпкерлер форумынң мәліметі бойынша, елде шағын және орта бизнеспен шұғылданатын 400 мыңға жуық кәсіпорын бар. Алайда қазірде олардың 100 мыңға жуығының жұмысы жүрмей, кедейлікке ұшыраған. Кәсіпкерлер сауда-саттықтан өзге бизнес түрін дамыту үшін салық мөлшерін азайтуды ұсынады.
Жыл басында Қазақстан тұрғындарының саны 15 миллионнан асты. Бір жыл ішінде Қазақстан тұрғындарының саны 123 мың адамға көбейген деп хабарлайды Қазақстанның статистика агенттігі.
Тағы