Қазақстанда тұрғындар санының көбеюі 9 облыста және Астана мен Алматы қалаларында байқалады. Бұл тізімде Оңтүстік Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Бұл облыс тұрғындарының саны бір жыл ішінде 43 мың адамға өскен. Ал, Шығыс Қазақстан облысы ең соңғы орында. Яғни, мұнда керісінше, тұрғындар саны 13 мың адамға кеміген.
Ауыл шаруашылық министрлігі қаржылай қолдау қорының есепшісі болып 5 жыл жұмыс істеген Гүлжан Тайжанова бір баланың анасы. Қазақстан экономикасы жөнделе бастаған соң екінші рет құрсақ көтеруге бел буғанымен, ол ниеті жұмыс берушіге жақпай отырғандығын айтады Гүлжан Тайжанова:
- Аяғым ауыр болып мен декретке шығам дегенмін. Бірақ, жұмыстағы басшы декретке тиесілі ақшаны бермеймін деп бетімді қайтарып тастады. Ал перзентханада жатқанымда босанғысы келетін әйелдердің көп екендігін байқадым, бірақ, олардың арасында балаларын алдыртып тастағандар болды, тіпті үлкен 5-6 айлық мерзімдерімен алдырғандарды көзім көрді.
Елде жасанды түсік көрсеткіші көп дейді Қазақстанның статистика агенттігінде істейтін демограф Ерболат Мұсабек:
- 1990 жылдардың басында туғандардан аборттың саны көп болған. Ал, қазір 130 мың жасанды түсік жасалады. Ол мини-аборттарға өркениетті мемлекеттерде шек қойылмайды.
Кейбір деректерге сүйенсек, сырт елдерде 4,5 млн қазақ тұрады. Ал, Қазақстан қалаларының ішінде Астана мен Алматыда тұрғындар басқа қалаларға қарағанда әлдеқайда көп болып шыққан дейді Астана қаласының статистика департаментінің бастығы, демограф Әнуарбек Дәуренбек:
- 530 мың адам Астанада. Бұл - республика халқының 3,5 пайызы, көрсеткіштің үлкен бөлігі – осында келіп жатқан жастардың үлесінде.
Ресми мәліметке сәйкес, бұған республикадағы экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы себепкер. Оның үстіне елден кеткендер саны азайып, келгендер саны көбейген. Өткен жылы некеге отырғандар саны өскен. Ал, ажырасқандар саны, керісінше, кеміген. Астана қаласының статистика департаментінің бастығы Әнуарбек Дәуренбектің айтуынша, халық санының көбею үрдісіне 20 жыл бұрын орын алған толқындар да әсер етуі ықтимал:
- 50 жылдары демографиялық серпін болған. Сол кездегі балалар 25-30-ға келгенде олардан туған сәби саны көбейеді.
Мамандардың пайымдауынша, республикада туу өсіп, өлім азайған. Бірақ, аурулар әлі де көп дейді Қазақстанның статистика агенттігінде істейтін демограф Ерболат Мұсабек:
- Қан айналымы жүйесінен қайтыс болғандар көп. Екінші орында - ісіктер, үшінші орында - жазатайым қаза болғандар.
Жалпы, Қазақстандағы демографияны мамандар 3 кезеңге бөледі. Біріншісі 1993 жылы басталған. Ол кезде республикадан 2 миллион адам кеткен. Соның кесірінен тұрғындардың саны 16 миллионнан 14 миллионға азайып сала берді дейді Қазақстанның миграция және демография агенттігінің маманы Аслан Қаржаубаев:
- Мұнда келгендер кезінде тың игеруге, соғыс кезінде келген. Кейбіреулерін міндеттеп әкелді, ал егемендік алған соң олар өз тарихи отандарына оралғысы келді.
Ал, екінші кезеңде 2000 жылы тұрғындар саны қайтадан көбейе бастады. Үшінші кезеңде, 2004 жылы, бұл тенденция орныға түсті дейді Қазақстанның миграция және демография агенттігінің маманы Аслан Қаржаубаев:
- Қазір еліміз тыныш, екіншіден, экономика өсті, осыған орай кетем дегендерден келем дейтіндер көп.
Қазақстанның статистика агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, жалпы өсімнің 75 пайызы қазақтарға тиесілі. Осылайша елдегі қазақтардың саны қазір 8 миллион 725 мыңға жетті. Егер, бұл үрдіс жалғасатын болса, республикада қазақтардың саны келесі жылы 9 миллионға жетеді дейді мамандар.