Қарағанды облысы Доскей ауылында жергілікті жұрт ондаған гектарды алып жатқан полигондағы өрт, сасық иіс пен қоршаған ортаның ластануын алға тартып, күресінде жабуды талап етеді. Полигон иесі мұның артында өзінің кәсібін тартып алуды көздеген әлдекімдер тұр деп есептейді.
Степногорск қаласы мен оған іргелес үш ауылдың халқы елдімекенге жақын маңда қауіпті өндіріс қалдығын өртейтін кешен салуға қарсы. Биліктің дерегінше, БҰҰ-мен бірлескен жоба аясында биыл зауыт құрылысы басталмақ. Қалдықты жоюмен айналысатын компания даулы мәселе жайлы пікір бермей отыр.
Қазақстан Бельгияға құрамында аса улы заттар бар ондаған тонна өндіріс қалдығын жоюға жөнелтпек болған. Бірақ қауіпті жүк Қарағандыда апталап тұрып қалды. Бұл мәселені шешетін экология министрлігі улы қалдықты аттандыруға асығар емес.
Қазақстан билігі Қашаған операторы – "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) компаниясының Каспий теңізінің түбін қазып, канал салу туралы жобасын мақұлдады. Белсенділер бұл жобаға алаңдайды.
Батыс Қазақстан облысының үш ауданындағы шаруалар көбейіп кеткен киіктің зардабын тартып жатыр. "Егінді таптап, шөпті тып-типыл еткен дала жануары үкіметтен несие алып күнелтіп жатқан ауыл халқын тақырға отырғызады" деген тұрғындар үкіметтен көмек күтеді.
Теміртау белсенділері 180 мың тұрғыны бар қала зиянды қалдыққа тұншығып отырғанын бірнеше жылдан бері айтып, дабыл қағып жүрсе де, мәселе әлі шешілген жоқ. Ауаны ластайтын қалдықтың басым бөлігі жергілікті металлургия комбинатынан шығады. Белсенділер мұны "экологиялық геноцидке" балайды.
Семейдегі цемент зауыты тұрған ауданның халқы кәсіпорыннан шыққан шаң-тозаң мен өткір иістен жапа шегіп отырғанына шағынады. Ресми мәліметте зауыттан ауаға тарайтын зиянды заттар шекті мөлшерден аспайды деп көрсетілген. Ал тұрғындар терезені ашса, үйінің ішін цемент шаң-тозаң басып қалатынын айтады.
Жүздеген мың қазақстандық жеке тұрғын үй салуға мемлекеттен тегін 10 сотық жер алу үшін жылдар бойы кезекте тұрады. Әкімдіктер әртүрлі сылтау айтып, жер бермейді. Ал ұлттық парк аумағына депутаттарға тиесілі зәулім үйлер еш қиындықсыз салынады.
Қазақстанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ресейлік зымырандардың бөлшектері құлайтын аумақ тұрғындарына өтемақы төлеу мәселесі көтеріліп жатыр. Бұған қатысты тұрғындар мен билік өкілдері не дейді?
Қазақстандық экобелсенді Шасалим Шагалимов Азаттыққа берген сұхбатында экологиялық ағарту жайлы, табиғатқа жаны ашымайтын, ағаш кесіп, өзен-суға қалдық төккендерге жазаны күшейту туралы ойын бөлісті.
Мамырдың соңында Алматының іргесіндегі Іле Алатауы ұлттық паркіне тиесілі жердің бір бөлігін (бұл аумаққа Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан шатқалы, Асы үстіртінің учаскелері мен басқа да жерлер кіреді) мемлекет жекеменшік компанияға 49 жылға жалға бергені белгілі болды.
Тағы