Қазақстан билігі совет кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды "толық ақтап алу" туралы мәселе көтерді. Ал белсенділер мен құқық қорғаушылар билік әуелі бүгінгі саяси тұтқындарды ақтап, босатуы тиіс деп санайды.
Қазақстандағы ең ықпалды отбасының мүшесі болған екі адамның жұмбақ өлімінің арасын бес жарым жыл уақыт пен Еуропадағы қос астананың арасындағы мың шақырымнан астам жол бөліп жатыр.
Польшадан Қазақстанның қазіргі Ақтөбе облысы аумағына жер аударылған әйелдің жазған хаттары үш ұрпақ арқылы бүгінге дейін жетіп, күллі әлемге тарады.
Түрмеде отырғанына 15 жыл болған ақын әрі диссидент Арон Атабектің жағдайы туралы ақпарат қайшылыққа толы. Түрме әкімшілігінің тұтқынның "дені сау" деген сөзін құқық қорғаушылар "бас қатыру" деп атап, билікті Атабекті босатуға үндеді.
Украиналық инженердің фотосуреттері совет заманының ащы шындығын көрсетеді
Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың жеке қоры мамырдың 31-інде Қазақстанда атап өтілетін сталиндік репрессия құрбандарын еске алу күніне орай ашаршылық туралы Сара Камеронның қазақ жеріндегі ашаршылық туралы еңбегін қазақ тілінде басып шығарды.
2005 жылы 13 мамыр күні Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы наразылық басып-жаншылды. Ресми мәліметке қарағанда, 187 адам қаза тапқан. Биыл бұл қырғынға 15 жыл толды.
Наурыздың 19-ы күні "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты. Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған Жәкішевті Семейдегі колония қақпасы алдында елдің әр аймағынан келген ондаған белсенді қарсы алды.
Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атайтын Мұхтар Жәкішевтің шартты жазамен мерзімінен ерте қамаудан босатуды сұрап жазған үшінші өтінішін сот қанағаттандырды. Прокурор он жылдан астам уақыт бойы түрмеде отырған тұтқынды босатуға қарсы болды.
31 жыл бұрын Совет одағы Ауғанстаннан шектеулі контингентін шығарды. 1979 жылы ауған билеушісі Хафизулла Әминнің резиденциясына шабуыл жасаудан басталған он жылдық соғыс осылай аяқталды. Тәж-Бек сарайын басып алу мақсатындағы құпия операцияға СССР билігі "мұсылман батальонын" пайдаланған.
Тағы