Конституциялық кеңес парламент мәжілісі мен мәслихат депуттары сайлауының Жаңаөзенде өтпейтіні туралы шешіміне президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған ветосын еңсере алмады. Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзенге қатысты өз қаулысының күшін жойды.
Жаңаөзендегі қайғылы оқиғадан соң екі күн сол қалада болып қайтқан ресейлік «Новая газета» басылымының тілшісі Елена Костюченко Азаттық радиосына сұқбатында өзі куә болған жайттарды баяндайды.
Мамандар Жаңаөзен оқиғасы мен парламент сайлауына байланысты интернетте «ақпараттық теке-тірестің» күшейіп бара жатқанын айтады. «Жаңаөзен туралы жағымсыз ақпаратты жоққа шығару» жұмысын ұсынған үкіметтік портал өкілінің әрекетін біреулер даттаса, біреулер қалыпты жағдай деп бағалайды.
«Мемлекеттік құпияны жариялады» деген айыппен үш жыл түрмеде отырған «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов қаңтардың 6-сы күні бостандыққа шықты.
«Желтоқсан оқиғасына қатысқанымды Алматы қаласының әкімдігі мойындап, медаль бергенімен құқық қорғау органдары заң жүзінде растамай, бір-біріне сілтеп отыр» дейді 2-топ мүгедегі Екпін Шардаров. Ал прокуратура пен сот органдары 1986 жылы мектеп оқушысына комсомол ұйымы берген сөгіс саяси қуғын-сүргінге жатпайтынын айтады.
Өмірзақ Шүкеев бастаған үкіметтік комиссияның Ақтауда «Қаражанбасмұнай» жұмысшыларымен кездесуінде сөйлеген ана қамаудағы ұлының азапталып жатқанын айтты. Бұл турасында YouTube сайтында жарияланған беймәлім автордың видеосынан белгілі болды.
Ереуілшілер қалада "наразылық жалғасып жатыр" десе, билік "жағдай тұрақталды" деп мәлімдеді. 17 желтоқсанда президент Назарбаев қалада төтенше жағдай жариялады. Дәл осы күні Шетпе станциясының тұрғындары полициямен қақтығысып, "бір адамы өліп, сегізінің жараланғаны" туралы хабарлады.
Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың «өзіне қол жұмсағанына» оны таныған адамдар мен өлімін зерттеушілер әлі күнге дейін күмән келтіреді.
Желтоқсан оқиғасы кезінде үнсіз қалған ақпарат құралдары одан кейін «ұлтшылдық пен жікшілдікті айыптайтын» мақалаларды көбейтті. Оны жазған адамдар кейін өз сөздеріне өздері таңғалды.
Қазақстан парламенті сенатының депутаты Мұрат Мұхаммедов үкіметке 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саяси-құқықтық мәртебесін анықтайтын заң жобасын дайындау жөнінде ұсыныс жасады.
Алматы cәулет және құрылыс институтының бұрынғы оқытушысы Валерий Каро-Мадэ 1986 жылы әріптесі әрі диссидент Әркен Уақты қорғағаны үшін қуғын көрдім деп санайды. Осы институттың бұрынғы ректоры Павел Атрушкевич жазалау науқанына қатысқан жоқпын деп ақталады.
Тағы