Бұдан он жыл бұрын, 2001 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласының соты оппозицияның қуғындағы жетекшісі Әкежан Қажыгелдинді сырттай 10 жылға соттап, мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Қазір Қазақстан осы үкімді де, Әкежан Қажыгелдиннің өзін де ұмытып кетті.
Азаттық радиосы 1991 жылғы Беловежье келісімі авторларының бірі, Беларусь парламентінің бұрынғы басшысы Станислав Шушкевичпен сұхбаттасты. Ол Совет одағы құлап жатқан кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың іс-әрекеті қалай болғанын айтады.
20 жыл бұрынғы «тамыз бүлігі» одақтас республикалар жетекшілерін әрі-сәрі күйге түсірді. Саяси сарапшылар бүлік кезінде Қазақстан басшылығы да әліптің артын бағып, уақиғаның аңысын аңдығанын, ал кейбір топтардың бүлікшілерді ашық қолдағанын айтады.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Сергей Терещенко Азаттыққа берген сұқбатында өзінің меншігіндегі жердің "көп" екенін айтты. Ол жерді кім иеленсе де бәрібір, тек өңдеусіз қалмаса болғаны дейді.
1991 жылы шілде айында «Караван» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналист Борис Гиллер негізін қалаған бұл басылым бірнеше рет қолдан-қолға өтіп, қазіргі Қазақстанның саяси өміріне сай өзгеріп отырды.
Шаңырақтағы оқиғаларға жарты жыл болмай тұрып, диссидент ақын Арон Атабек пен композитор Бақтияр Аманжол «Жерұйық» әнін шығарды. Атабектің жақтастарының сөзіне қарағанда, бұл әнінде ол Шаңырақ трагедиясын ғана емес, биліктің халыққа деген бүгінгі көзқарасын да алдын-ала болжап қойған.
Мұхтар Әблязов тағы да Нұрсұлтан Назарбаевты отставкаға кетуге шақырды. Әйтпесе елде «радикалды топтар мен билік арасында соғыс болуы мүмкін» екен. Бұл пікірмен бірқатар оппозициялық көзқарастағы саясаткерлер де келісіп отыр, ал билікті жақтаушы партиялар әдеттегідей үнсіз.
Биыл Шаңырақ оқиғасына бес жыл толды. Сотталған азаматтардың туыстары рақымшылық туралы заң аясында қандай да бір жеңілдік бола ма деп үміттенеді.
КГБ-нің бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов «қазақ үкіметі басшыларына Геннадий Колбинді сонау 1986 жылдың шілдесінде таныстырған» деп жазады. Ол Желтоқсан оқиғасын «Горбачевтің үлкен қателігіне» балайды.
75 жыл бұрынғы «Әдебиет майданы» журналының маусым айындағы нөмірі Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып қайтқан Сәкен Сейфуллинді құттықтаған жалынды жеделхаттарға толды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің арасындағы жанжалдың ұшқыны Вашингтоннан көріне бастады. Үкіметтік емес бақылаушы бір ұйым бұған қатысты ресми тексеру жүргізуді сұрап отыр.
95 жыл бұрын қазіргі Қазақтан мен Орталық Азия аумағында Ресей патшасының соғыс мұқтаждығы үшін тыл еңбегіне адам жинау туралы бұйрығына қарсы жаппай бас көтеру басталды.
Тағы