Тараздағы колонияда жазасын өтеп жатқан Рамазан Есіргеповке сырқат анасымен кездесуге барып қайтуға рұқсат берілді. Журналистің қысқа мерзімді демалысы қыркүйектің 19-ынан 26-сына дейін жалғасады.
Осыдан 86 жыл бұрын, 1925 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі орталық билік Филипп Исаевич (Шая Ицкович) Голощекинді жіберді.
1991 жылы 15 қыркүйекте Оралда қазақтар мен орыстардың арасында жанжал қаупі туғанымен, Үлкен казак қауымының жиынын қуып тарату ұлтаралық қақтығыс тудырмады. Сол шақтағы қарсыластар жиырма жылдан соң да бірін-бірі жазғырып отыр. Әлі күнге дейін Орал оқиғаларына тәуелсіз саяси және ғылыми баға берген де ешкім жоқ.
1991 жылы 15 қыркүйекте Оралда бүкіл Ресейден жиналған жүздеген казак пен мыңдаған қазақ ереуілшілері қақтығысып қала жаздады. Днестр бойындағыдай сепаратистік тәртіпсіздіктер болған жағдайда Қазақстанның батысына «бітімгерлік әскер» кіруі мүмкін еді деген тұспал бар.
Осыдан жиырма жыл бұрын, 1991 жылы 15 қыркүйекте қазақ ұлтшылдары бастаған мыңдаған адам Орал қаласында жергілікті казактардың қайта жаңғыру мерекесін таратты. Cовет одағы құлаған тұста лаулаған бұл жанжал одан бір жыл бұрын-ақ тұтана бастаған еді.
Бұдан он жыл бұрын, 2001 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласының соты оппозицияның қуғындағы жетекшісі Әкежан Қажыгелдинді сырттай 10 жылға соттап, мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Қазір Қазақстан осы үкімді де, Әкежан Қажыгелдиннің өзін де ұмытып кетті.
Азаттық радиосы 1991 жылғы Беловежье келісімі авторларының бірі, Беларусь парламентінің бұрынғы басшысы Станислав Шушкевичпен сұхбаттасты. Ол Совет одағы құлап жатқан кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың іс-әрекеті қалай болғанын айтады.
20 жыл бұрынғы «тамыз бүлігі» одақтас республикалар жетекшілерін әрі-сәрі күйге түсірді. Саяси сарапшылар бүлік кезінде Қазақстан басшылығы да әліптің артын бағып, уақиғаның аңысын аңдығанын, ал кейбір топтардың бүлікшілерді ашық қолдағанын айтады.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Сергей Терещенко Азаттыққа берген сұқбатында өзінің меншігіндегі жердің "көп" екенін айтты. Ол жерді кім иеленсе де бәрібір, тек өңдеусіз қалмаса болғаны дейді.
1991 жылы шілде айында «Караван» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналист Борис Гиллер негізін қалаған бұл басылым бірнеше рет қолдан-қолға өтіп, қазіргі Қазақстанның саяси өміріне сай өзгеріп отырды.
Шаңырақтағы оқиғаларға жарты жыл болмай тұрып, диссидент ақын Арон Атабек пен композитор Бақтияр Аманжол «Жерұйық» әнін шығарды. Атабектің жақтастарының сөзіне қарағанда, бұл әнінде ол Шаңырақ трагедиясын ғана емес, биліктің халыққа деген бүгінгі көзқарасын да алдын-ала болжап қойған.
Мұхтар Әблязов тағы да Нұрсұлтан Назарбаевты отставкаға кетуге шақырды. Әйтпесе елде «радикалды топтар мен билік арасында соғыс болуы мүмкін» екен. Бұл пікірмен бірқатар оппозициялық көзқарастағы саясаткерлер де келісіп отыр, ал билікті жақтаушы партиялар әдеттегідей үнсіз.
Тағы