Ұлан аудандық соты Жовтистің берген бес шағымының барлығын қанағаттандырмай тастады. Жақындары оның амнистияға ілінуінен үміттенсе, құқық қорғаушылар бұған күмән келтіреді.
«Қазақстан жолайрықта» есебі ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен жылы Астананың қоғамды либерализациялауға қолайлы мүмкіндікті қолдан шығарып алғанын айтады.
Stratfor («Стратфор») барлау және талдау жасау ұйымы 20 жыл бойы бір адам басқарып келе жатқан Қазақстандағы тұрақтылық билікке ұмтылған бірнеше саяси топтың тартысына айналуы мүмкін деген болжамын жариялады.
Саясаткерлер мерзімінен бұрын президент сайлауында қайта сайланған президент Назарбаевтың легитимділігі туралы мәселе тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылда күн тәртібінен түскен емес дейді.
Қазақстан саясатындағы қолжаулықтар, сайқымазақтар мен шоумендер... – бұлар кімдер? Демократиялы елдерде мұндайларға жол беріле ме? Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысушылар осы сауалдар төңірегінде пікір алысты.
Бірінші нөмірі 1921 жылғы наурыздың 22-і жарық көрген «Жас Алаш» газеті бірнеше саяси режимге куә болған қазақ қоғамымен бірге қилы заманды, түрлі трансформацияны бастан кешіп келеді.
Терең білім, ұлт тарихына құрмет, қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрес – «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның кісілік келбетінің бір қыры ғана.
Кәрім Мәсімовтің Қазақстан үкіметін басқарып келе жатқанына 4 жылдан асты. Бірге оқыған сыныптастарының айтуынша, «оның табысқа жетуінің құпиясы – жақсы білімінде». Ал сарапшылар «Мәсімов бұл лауазымда президент Назарбаевқа «берілгендігінің» арқасында ғана отыр» деген пікір айтады.
Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі «Айқап» журналының шыққанына биыл бір ғасыр толды. Төрт жыл ғана шыққан журналды ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин басқарды.
Қаңтардың 6-күні Алматыдағы Арбат алаңында қазіргі таңда Қазақстанда түрмеде отырған журналистерді қолдаушылар флеш-моб өткізді. Бейбіт жағдайда өткен акцияны басынан аяғына дейін полицейлер жіті бақылап тұрды.
Журналистерді қорғау жөніндегі комитеттің деректері бойынша, 2009 жылы бүкіл әлемде 136 журналист түрмеге қамалған. Бұл тізімде Рамазан Есіргепов те бар. Сондай-ақ, тағы бір қазақ журналисті мен бір жазушы түрмеде отыр.
Азаттық радиосы саяси тұтқындардың туыстары шағымданып жатқан қазақстандық адам құқын қорғаушы ұйымдардың жұмыс мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Тағы