94 жыл бұрын Бүкілресейлік құрылтайға делегат сайлау науқаны кезінде қазақ ортасынан шыққан алғашқы либералдар мен социалистер көппартиялық саяси жүйе мен федерациялық мемлекет туралы армандады. Бірақ аласапыран жылдары ажалдары большевиктерден жетті.
Қазақстан постсоветтік кеңістіктегі «тұрақтылық пен игілік орнаған шағын арал» болудан қалды. Елдің батыс өңірінде терактілер мен радикалды топтар қатысқан атыстар бой көрсете бастады.
Алғашқы кезде үміт болғанымен, Желтоқсан оқиғасынан кейінгі 25 жылда «осы елде шынайы бостандық, тәуелсіздік және тағы басқа жақсы институттар орнайды» деген арманның ақталмағанын айтады сарапшылар.
Қытайда туған, өз басы сталинизмді көрмеген қарағандылық Екатерина Кузнецованың Карлаг жайлы кітаптары Ресей мен АҚШ-та басылып шыққан. Бірақ жазушы сталиндік қуғын-сүргін жайлы кітаптар жазудың қажеті барына, оларды қазіргі оқырманның оқитынына, саясаткерлердің қорытынды шығаратынына күмәнданады.
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы туралы арнайы зерттеу жасаған Индиана университетінің түлегі, Питцер колледжі деканының орынбасары Барбара Жүнісбай Азаттық радиосына 2001 жылғы қарашаның 18-і құрылған оппозициялық ұйымның не себепті сәтсіздікке ұшырағаны туралы сұқбат берді.
Қазақстандағы жаппай наразылық туралы ақпаратты Литва хош көрді. Өйткені осы елде де «антисоветтік қимыл» болып жатты. Грузия «Ресей империясына қарсы күресте» жаңа одақтас пайда болды деп ұйғарды, ал «Әзербайжан жұрты қайран қалып, зәресі ұшты».
Қарашаның 12-сі күні Алматыда жекелеген қоғам қайраткерлері мен журналистер қаза болғанына алты жыл толған саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің зиратына гүл шоқтарын қойып, марқұмға құран бағыштады.
Қоғамдық белсенді Кәрібай Құсайынов Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша ұзақ жылдарға сотталған бұрынғы шенеунік Ержан Өтембаевтың бостандықта жүргенін жоққа шығарады.
15 жыл бұрын қазанның 30-ында Әбіш Кекілбаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Жазушы-интеллигенция өкілдерінің арасынан алғаш болып биік лауазымға жеткенімен оның бүгінгі саяси жүйемен бірге құбыла отырып, мансап жолын қол сүюмен тәмамдауы жұртшылыққа түсініксіз күйде қалды.
Итон колледжінің профессоры, белгілі музыкант Элеонора Нақыпбекова Азаттық радиосына сұқбат беріп, 1981 жылғы қазан айында кенжелері Лондондағы гастрольден қайтпай қалған соң әпкелі-сіңілілі үшеудің қандай өзгерісті бастан кешкені туралы әңгімелеп берді.
Виктор Храпунов күні кеше ғана Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді адамдарының бірі, қазір өзі Швейцариядан сынап жатқан жүйенің өкілдерінің бірі еді. Елден кетіп қалуға мүмкіндік алған бұрынғы шенеунік «қудалаудан» құтыла алмады.
Осыдан 80 жыл бұрын, яғни 1931 жылы қазан айында Шәкерім Құдайбердіұлы қазаға ұшырады. Оны атып өлтіруге қатысы бар ГПУ тобының жетекшісі мен ұрпақтары Совет Одағы құлағанша философ-ақынның ақталуына ашық қарсы болып келді.
Тағы