Осы аптада шетел басылымдары Қазақстандағы "қазақ ұлтшылдығы", "орыстардың үдере көшуі" және Қытайдың "қазақ ұлтшылдарын" өзіне қаратуы туралы жазды. Бұған қоса басылымдар Орталық Азияда Өзбекстан көшбасшы елге айналар күн жақын деп болжады.
Бұл аптада басылымдар "ақша жымқырғаны үшін" Қазақстанда көп жылға сотталған банкир Жомарт Ертаевтың әйелі Ұлыбританияда саяси баспана сұрамақ болғаны жайлы жазды. Бұған қоса шетел баспасөзі Ауғанстандағы саяси дүрбелеңнің Қазақстан астық экспортына кері ықпал ететінін болжады.
Осы аптада шетел басылымдары Қазақстандағы қуаңшылыққа ерекше назар аударды. Мұнымен қоса елде коронавирус індеті өршіген тұста дәрігерлердің жетіспей жатқаны да сөз болды. Кей ақпарат құралдары Англияда өтетін сақ өркениеті жәдігерлерінің ерекше көрмесі туралы жазды.
Осы аптада шетел басылымдары "карантинді бұзған" Алматыдағы еврей дінбасына айыппұл салып, үлкен жиын өткен қонақүйге шара қолданбаған биліктің әрекетіне назар аударды. Бұған қоса шетел баспасөзі ауыл әкімдерін сайлаудың "демократиялық таңдауға" үлес қоса алмайтынын жазған.
Халықаралық басылымдар Қазақстанда Қытайға қарсы көңіл-күйдің тұрақты түрде өсіп келе жатқанын жазып, жастардың барлық ақпаратты Instagram, YouTube және Telegram сияқты әлеуметтік желіден алатынын талқылады.
Осы аптада шетел басылымдары Қазақстанда антиваксерлер мен "вакцина паспортын" сатып алушылар неге көп деген сұраққа жауап іздеді және батыстағы құрғақшылықтың салдарын сөз етті. Бұған қоса басылымдар Қазақстанның Еуразия экономикалық одағының тиімсіз шарттарына көніп отыруының астарына үңілді.
Америкалық режиссер Оливер Стоун Қазақстанның бұрынғы президенті туралы фильмі үшін әлі де сынға ұшырап жатыр. Сын-пікірге жауап берген режиссер "Елді қоқыс алаңына айналдырып жібермеген [Назарбаевты] мадақтауға" шақырды.
Бұл аптада шетел баспасөзі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған қос ескерткіш пен туған күніне орай оған өзге де сый-сияпат тарту еткенін жазды. Сондай-ақ 2015 жылы жаппай қырылған киікті көбейту амалына назар аударды.
Осы аптада шетел баспасөзі қазақстандық кәсіпкер Ержан Тәтішевтің қазасы, экс-банкир, оппозиционер Мұхтар Әблязовтың ісі және Түркістанда салынып жатқан құрылыс сапасы туралы жазды.
Шыңжаңдағы мұсылмандардың құқығын қорғайтын "Атажұрт" ұйымының YouTube арнасын кім жаппақ болып жатыр? Қазақстанның ұлтты қауіпсіздік стратегиясы қазіргі өзекті мәселелерді шеше ала ма? Қытайлық Didi Қазақстанның жолаушы тасымалы нарығынан ресейлік "Яндексті" ысырып жатыр ма? Шетел баспасөзіне шолу.
Тағы