Батыс басылымдарының жазуынша Ресейде басталған «қазақ ұлтшылдығына» қатысты ақпараттық науқан әлі тоқтайтын түрі жоқ. Ал Қазақстан латын қарпін енгізуде ерекше сақтық танытып отыр. Есесіне Ресей Еуразия одағы аясындағы интеграцияға өзі жиі тосқауыл қоя бастады.
"Пандора құжаттары" экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қатысты жаңа дерек жариялады. Қазақстанда инфляцияның шарықтауына бірнеше себеп бар. Шыңжаңдағы мұсылмандарды азаптауға қатыстым деген азамат CNN-ге сұхбат берді.
Ядролық энергетикадағы қауіпсіздік пен мықты азаматтық қоғам арасында қандай байланыс бар? Үкімет «Сбермен» меморандум бойынша көктемде берген уәдесін неге орындамады? Билік әлеуметтік желі компанияларын цензураға қалай көндірмек? Бұл аптада халықаралық басылымдар осы мәселелерді талқыға салды.
"Қазақ ұлтшылдығы" – Ресей пропагандасы ойлап тапқан тақырып па? Ауғанстанда "Талибан" жеңісінен соң державалар Орталық Азия үшін таласты бастады ма? Қазақстан сияқты автократиялық елде еркін экономика қалыптастыру мүмкін бе? Бұл аптада халықаралық басылымдар осы сұрақтарға жауап іздеді.
Осы аптада шетел басылымдары Нұр-Сұлтан ауған мәселесі бойынша Кремльге жалтақтап отырғанын жазды және атом электр станциясын салу арқылы Ресей басқа елдерге ықпалын жүргізіп отырады деген тұжырым жасады.
Осы аптада шетел басылымдары Қазақстандағы "қазақ ұлтшылдығы", "орыстардың үдере көшуі" және Қытайдың "қазақ ұлтшылдарын" өзіне қаратуы туралы жазды. Бұған қоса басылымдар Орталық Азияда Өзбекстан көшбасшы елге айналар күн жақын деп болжады.
Бұл аптада басылымдар "ақша жымқырғаны үшін" Қазақстанда көп жылға сотталған банкир Жомарт Ертаевтың әйелі Ұлыбританияда саяси баспана сұрамақ болғаны жайлы жазды. Бұған қоса шетел баспасөзі Ауғанстандағы саяси дүрбелеңнің Қазақстан астық экспортына кері ықпал ететінін болжады.
Осы аптада шетел басылымдары Қазақстандағы қуаңшылыққа ерекше назар аударды. Мұнымен қоса елде коронавирус індеті өршіген тұста дәрігерлердің жетіспей жатқаны да сөз болды. Кей ақпарат құралдары Англияда өтетін сақ өркениеті жәдігерлерінің ерекше көрмесі туралы жазды.
Осы аптада шетел басылымдары "карантинді бұзған" Алматыдағы еврей дінбасына айыппұл салып, үлкен жиын өткен қонақүйге шара қолданбаған биліктің әрекетіне назар аударды. Бұған қоса шетел баспасөзі ауыл әкімдерін сайлаудың "демократиялық таңдауға" үлес қоса алмайтынын жазған.
Халықаралық басылымдар Қазақстанда Қытайға қарсы көңіл-күйдің тұрақты түрде өсіп келе жатқанын жазып, жастардың барлық ақпаратты Instagram, YouTube және Telegram сияқты әлеуметтік желіден алатынын талқылады.
Тағы