Бұл аптада әлем баспасөзі триллиондаған доллар "күдікті" ақшаны жөнелткендердің арасында болған қазақстандықтарды сөз етті. Бұған қоса шетел басылымдары Орталық Азиядағы жас буынның еркіндікке ерекше ұмтылатынын және Қазақстанның мұнай табысына әлі де тәуелді екенін ескертті.
Осы аптада әлемдік басылымдар мұнайға сұраныстың күрт құлдырайтыны, Құлыбаевқа тиесілі делінетін зауыттардың әрекеттері, Қазақстан халқының Қытай инвестициясынан қауіп ететіні, бірақ басқалардың сол инвестиция үшін Шыңжаңдағы адам құқықтарының бұзылуына көз жұма қарап отырғаны туралы жазды.
Батыс баспасөзі Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, қазір арнаулы қызметті басқаратын Кәрім Мәсімовтің отбасының Парижге сапары жемқорлыққа қатысы болуы ықтимал істі зерттеп жүрген британ тергеу органдарының назарына іліккенін хабарлады.
Батыс басылымдары конституцияны өзгерту арқылы осыған дейінгі президенттік мерзімдерін "нөлге" теңеген Ресей басшысы Владимир Путиннің елін отыз жылға жуық басқарған қазақстандық "елбасы" Нұрсұлтан Назарбаевтың "айласын" сәтті пайдаланып отырғанына назар аударды.
Тағы