...Сенің өлер алдыңдағы жағдайың маған беймәлім, Стив! Туиттерде сенің атың тренд болып тұр дәл қазір. Демек, бұл бүкіл әлем сені жоқтап, қайғырып жатыр дегенді білдіреді. Өзің де бір жүрген тренд едің, өлімің де тренд болды.
Алтын Прагадағы «Олшанка» зираты. Бұл қорымда АҚШ, Франция, бұрынғы Чехославакияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан боздақтары мәңгілік ұйқыда жатыр. Мәжит батырдың басында құран оқып отырмыз...
Кейінгі кезде қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров емес, Талғат Мұсабаев деген сөз әр жерден құлағын қылтита бастады.
2011 жылғы сәуірдің 3-і өтетін сайлауда президенттіктен үміткер үш адам мемлекеттік тіл бойынша сынақ тапсырып үлгірді. Бұлардың ішіндегі екі үміткер емтиханнан өтсе де, өтпесе де наразы күйі қалып отыр.
Президент Назарбаев өзінің өкілетін 2020 жылға шейін ұзарту жөнінде Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу туралы ел парламентінің ұсынысын қабылдамады. Келесі жүріс – парламенттікі.
Арқалық түрмесінде «терроризм» айыбымен сотталған тұтқын Азамат Кәрімбаевтың өлі денесі табылғанына биыл желтоқсанның 23-і күні тура бір жыл толды. Алайда марқұмның «ақтық хатына» жасалған сараптама нәтижесі әлі күнге дейін белгісіз.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин Ресей азаматтарымен өткізген «тікелей желі» кезінде тарихи жадқа нұқсан келтіретін кезекті мәлімдеме жасады. Бұл жолы Путин Қазақстанның cоғыстағы жеңіске қосқан үлесін жоққа шығарды.
«Қолыма құрал берсе, жерді де көтерер едім» дейді ежелгі грек ғалымы Архимед. Қазіргі кезде мұндай құрал әркімде бар, оның аты – интернет. Блогер Александр Паленый қазақстандық полициядағы жемқорлыққа жалғыз өзі қарсы шықты.
Қазақстанда жолаушы тасымалдайтын автобустардың қызмет сапасы түрлі апатты жағдай туғызып жатады. Осыған орай келеңсіз жайттарға көз жеткізген жолаушының жазбасын ұсынамыз.
Қазақтың тұңғыш хандары Керей мен Әз Жәнібекке орнатылған ескерткіштің сәулеттік сұлбасына қатысты әрқилы пікірлер айтыла бастады. Көптің көңілін күпті еткен бір ғана сауал: Қазақ хандығының негізін қалап, аты аңызға айналған тұлғалар неліктен атқа қонбады екен? Мүсіншілердің осынау туындысын әркім әрқалай бағалап жатыр.
Қазақ парламенті мақұлдаған екі заң тым қолайсыз уақытта қабылданып жатыр. Біріншіден, Ақорда ЕҚЫҰ төрағасы болып, оның саммитін Астанада өткізбек ниетте еді. Екіншіден, Қырғызстандағы оқиғаның шаңы әлі басылған жоқ.
Бүгіндері Ресейде ел тарихын арашалауға және Сталинді ақтауға қадам жасалуда, ал Қазақстанда ол диктаторға деген тұтас халықтың махаббатын тудырумен айналысайын деген адам жоқ. Өйткені, Қазақстанда көзі тірі бір адамды ақтап алудың өзі үлкен жұмыс болып тұр.
Тағы