Еуропада фермелер наразылығы әлі жалғасып жатыр. Енді Испанияда шаруалар жолды жапты. Ал Пәкістанда ертең өтетін сайлау қарсаңында ірі жарылыс болып, ондаған адамның өмірін қиды. Бұдан бөлек бүгін Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылынан кемі үш адам қаза тапқан.
Азаттық зерттеуі Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің отбасына тиесілі банктердің нарықтағы үлесі 43 пайызға жеткенін көрсетті. Банктердің бұл үлесі 2015 жылы ұлттық валюта құнсызданғалы бері 3 есе артқан.
Алматыда болған жер сілкінісінің эпицентрі — Қытайдың Шыңжаң өлкесі. Дүмпу қуаты 7,1-ге жеткен. Ондағы қуатты зілзаладан ондаған үй бүлініп, бірнеше адам жараланған. Ал дүмпу жайылған тағы бір ел Қырғызстанда жағдай аса қиын емес.
Ресейде оппозиция өкілдері Борис Надеждинге қол жинауға үгіттеп жатыр. Ол президент Владимир Путин мен Украинаға қарсы соғысты сынайтын кандидаттыққа үміткер. Надеждиннің кандидат ретінде тіркелуіне қол қою үшін жер-жерде адамдар кезекте тұр. Надеждин деген кім? Ол Путинге шын қарсылас бола ала ма?
Башқұртстандағы наразылық — жеке, өңірлік, ұлттық саясат аралас, әлеуметтік жарылыс қаупі бар оқиға. Мәскеу Украинаға қарсы соғыс жүргізіп жатқан тұста президент Владимир Путиннің орталықтандырылған жүйесіне өңірдегі жағдайды бақылауда ұстау қиынға соғуы мүмкін.
Еуропарламент Орталық Азия жөніндегі резолюцияны басым дауыспен қабылдады. Қарарда аймақ елдерін адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауға және Еуропа Одағымен тығыз ынтымақтастықта болуға үндеген.
21 желтоқсанда Чехия астанасы Прага халқын суыт хабар аяғынан тік тұрғызды. Қала орталығындағы университет ғимаратында қару ұстаған жігіт 14 адамды атып өлтірген. Оған дейін әкесін мерт қылғаны хабарланды. Қарулы шабуылдан соң ол өзіне қол салған.
Өткен аптада АҚШ-тан әскери көмек ала алмай құрқол қайтқан Владимир Зеленский кеше Еуропа одағына да қаражат бөлгізе алмады. 50 миллиард еуро көмекке Венгрия қарсы болған. Дегенмен Украина Молдовамен қатар Еуроодаққа кіруге бір табан жақындады.
Тағы