АҚШ үкіметі жариялаған кезекті санкцияға қазақстандық Kazstanex компаниясы да ілінді. Ол Ресейге сатуға тыйым салынған жабдықты Еуропадан алып, Қытай арқылы тасымалдаған деген күдікке қалған. Азаттық мәселені компанияның өзінен сұрауға талпынғанымен, ол байланысқа шықпай қойды.
28 қазан кешке Грузия парламенті алдына мыңдаған адам жиналды. Билікті парламент сайлауының нәтижесін бұрмалады деп айыптап, наразылық білдірген халықпен бірге оппозиция лидерлері және ел президенті Саломе Зурабишвили де болды. Олар сайлауды қайта өткізуді талап етті.
Биліктегі "Грузин арманы" партиясы парламенттегі орындардың жартысынан көбін иеленгенін жариялады. Оппозиция сайлаудың ресми нәтижесіне келіспейтінін мәлімдеді. Грузия президенті де қарсылық білдіріп, жұртты жаппай акцияға шақырды. Халықаралық және жергілікті бақылаушылар сайлауға бағасын берді.
Татарстан астанасында БРИКС саммиті өтіп жатыр. Ұйымға мүше тоғыз мемлекетті қосқанда жиынға 36 елдің ресми өкілдері қатысып отыр, олардың арасында БРИКС құрамына кіруге асықпайтын Қазақстан президенті де бар. Бұл саммит несімен маңызды? БРИКС-тің әлемдік геосаясаттағы рөлі қандай?
Ауған әйелінің көшеге жалғыз шығуына, білім алуына, спортпен айналысуына, кеңседе жұмыс істеуіне құқығы жоқ. Енді олар көшеде сөйлей де алмайды. Ауғанстандағы билікке «Талибан» (Әлемнің біраз елінде террористік ұйым деп танылған) келгелі бұл елдегі әйелдердің өмірі қапаста өтіп жатыр.
Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтетін болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, онда қазіргі президент пен бұрынғы бас прокурор бәсекеге түседі. Сайлаумен қоса елдің Еуропа Одағына қосылу мәселесі жайлы референдум өтті.
Шығыс Еуропада қазір сайлау науқаны қызып тұрған шақ. Кремль Украинадағы соғысқа малтықса да, осы сайлауды өз пайдасына бұрып әкетуге жанталасып жатыр. Мәскеу мен оны қолпаштайтын популистік одақтастары жеңіске жету үшін қандай әдіс-амалға жүгінеді?
Freedom House халықаралық адам құқықтары ұйымының биылғы "Интернет еркіндігі" есебінде Қазақстан тағы да "интернеті еркін емес ел" қатарында аталды. Кейінгі бір жылда Қазақстан "интернет пайдалану", "контентті шектеу" және "қолданушы құқығын бұзу" жөнінен бұрынғыдан еш өзгермеген.
Иран Израильге қарсы зымырандар ұшырды. Тегеран билігі өкілдері мұны "кек қайтару" деп атаған. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху Иран "өте үлкен қателік жасады" деді. АҚШ Израильге қолдау көрсетті. Тегеранның ісін айыптаған БҰҰ мен Еуропа Одағы жетекшілері Таяу Шығыс аймағында атысты дереу тоқтатуға үндеді.
Тағы