Армения басшылығы Ресейге ашық қарсы шығып, мәлімдеме жасай бастады. Бұған қоса, елде АҚШ жасағының қатысуымен әскери жаттығу өтіп жатыр. Бұл Ереван Мәскеуден іргесін аулақ сала бастады дегенді білдіре ме?
Ливияның дауыл мен тасқыннан қатты зардап шеккен Дерна қаласында үйінді астында қалған адамдарды іздеу әлі жалғасып жатыр. Ресми мәлімет бойынша, 5 мыңнан аса адам қаза тауып, 10 мыңнан аса адам табылмай жатыр. Қала билігі қаза тапқандар 18 мыңнан 20 мыңға жетуі мүмкін деп қауіптенеді.
Марокко халқы кейінгі алпыс жылдағы ең жойқын зілзаладан әлі ес жия алар емес. Қаза тапқандар саны 2100-ден асып кетті. Тау етегінде тұратын көп елдімекенге құтқарушылар әлі жетпеген. Үйінде астында қалғандарды жұрт қолмен қазып, шығарып жатыр.
"Ресей мен Қытай әлсіресе, Орталық Азияның әрекет еркіндігі артады" дейді Стэнфорд университетінің профессоры, философ, 1992 жылы шыққан әйгілі "Тарихтың ақыры және соңғы адам" кітабының авторы Фрэнсис Фукуяма.
Кейінгі Ресейде доллар бағамы 100 рубльге дейін шарықтап кетті. Елдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеріп, жағдайды реттегендей болды. Бірақ рубльдің әлсіздігі ұзақмерзімде Ресеймен тығыз экономикалық байланыстағы Орталық Азия мемлекеттеріне қышқыл тиетіні қазірден көрініп отыр.
Нигердегі төңкеріс Батыс елдерін ойландырып тастады. Олар Сахель өңірімен байланысын үзсе, хунта Мәскеудің көмегіне жүгінуі мүмкін. Ресейдегі "бүліктен" кейін хабарсыз кеткен "Вагнер" тобы Батыс Африка мемлекетіне ықпалын жүргізе ала ма?
АҚШ өкілдер палатасының қадағалау комитеті Джо Байден вице-президент болған тұста оның ұлы Хантер Байден Украина, Ресей және Қазақстан олигархтарынан жиынтығы 20 миллион доллар алғанын мәлімдеді. Комитет бұл ақпаратты банктер берген төлем дерегінен алғанын айтты.
Тағы