Цензура болмаса да, Қазақстанда жергілікті баспалар өнімінің толымды кітап нарығы қалыптаспады. Кітап дүкендерінен қазіргі қазақстандық жазушылардың көркем шығармаларын табу қиын, енді таныла бастаған есімдер де ұшыраспайды. Ал жазушылар совет заманындағы сияқты әдебиетті мемлекеттің қаржыландыруын сұрайды.