ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары» тізіміне көкпар Қырғызстан атынан, асық ойыны Қазақстан атынан тіркелгені хабарланды.
Түсіру тобы мен кәсіби актерлерсіз жасалып, жеке бюджеттен қаржыландырылған фильм. Қазақ киносының жаңа толқын режиссері Серік Апрымов "Әкеге қоңырау шалу" көркем фильмін түсіріп бітті.
Жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толды. Азаттық тілшісі жазушының шығармашылығы мен өмірін зерттеуші ғалым Тұрсын Жұртбаймен сұхбаттасқан еді.
Ресейлік кинорежиссер Алексей Учительдің «Матильда» фильмі айналасындағы айтыс-тартыс жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Кинопрокат желілері басшыларына фильм прокатынан бас тартуға шақырған электрондық хаттар түсіп жатыр.
Осы апта парламентте таныстырылған, әлеуметтің сынына ұшыраған латынша қазақ әліпбиінің жобасына белгілі тіл ғалымдары «қатыстары жоқ» екенін айтады. Олардың сөзінше, таныстыру кезіндегі сұрақ-жауапты «билік Тіл білімі институтына алдын-ала дайындатып алған».
Әлемдік киноның жұлдызы Николас Кейдждің Астанаға келуінен туындаған әлеуемттік желідегі реакция назар аударуға тұрарлық. Мұндай реакцияны Астанадағы ұйымдастырушылар да, Кейдждің өзі де күтпеген сияқты.
Мәскеу қаласында ескі досым КУКА-ның көрмесі ашылды. Қуанып қалдым. «КУКА» деген лақап есімімен танылған 66 жастағы суретші Хикмат Гулямов кезінде Орталық Азия авангардизмінің алғашқы «қарлығаштарының» бірі болған.
Цензура болмаса да, Қазақстанда жергілікті баспалар өнімінің толымды кітап нарығы қалыптаспады. Кітап дүкендерінен қазіргі қазақстандық жазушылардың көркем шығармаларын табу қиын, енді таныла бастаған есімдер де ұшыраспайды. Ал жазушылар совет заманындағы сияқты әдебиетті мемлекеттің қаржыландыруын сұрайды.
Екі жарым жыл бұрын Алматыда басты рөлдерде ДЦП дертіне шалдыққан балалар ойнаған "Быть или не быть" фильмінің премьералық көрсетілімі өткен еді. Енді сол фильмнің жалғасын түсіру басталды. Екі фильм де "Шексіз мүмкіндіктер" дилогиясына кіреді. Алғашқы туынды жеке адамдардың қайырымдылық ақшасына түсірілген, ал екіншісін түсіруге мемлекет қаржы бөлген.
Маусымның 1-і күні «Феникс» фильмін түсірушілерге байланысты өтіп жатқан сотта тоғыз адамға үкім шықты. Істі екі жарым ай қараған сот Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен оның әріптестерін түрлі жылдарға шартты жазаға соттады.
Маусымның 1-і – балаларды қорғаудың халықаралық күні. Азаттық тілшісі балаларға арналған өлеңдер жазып жүрген ақын Алмат Исәділмен балалар әдебиеті төңірегінде әңгімелесті.
Тағы