Алматыда «Ақтастағы Ахико» деректі спектаклінің премьерасы өтті. Драмалық шығармаға екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қазақ жеріне тұтқын ретінде әкелінген жапон бозбаласының тағдыры арқау болған.
Алматыда қазақтың көрнекті үш тұлғасының жұбайы болған Фатима Ғабитованың өмірі туралы «Фатима» деректі фильмінің премьерасы өтті. Ол кісінің күнделіктерінде Қазақстанның 1916 жылдан бергі тарихы қамтылған.
«Қазақстанда түсірілген қылмыстық әлем туралы киноларды жұрт неге жаппай көреді?», «Ұсақ бандиттер туралы фильмдер түсіру қашан тоқтайды?». AzattyqLIVE бұл тақырыпты киносыншы Гүлнәр Әбікеевамен талқылады.
Қандай да бір тұлғаға қарсы немесе жақтау тұрғысындағы ақпараттық кампаниялар қалай жасалады? Олардан қорғанудың жолы қандай? AzattyqLIVE сарапшысы - PR маманы Нұркен Халықберген.
Олжасын аузына көлденең тістеп, оны біреу тартып алатындай жедел жылысып бара жатқан сары ит (ай, итпісің деген!) анадай жерге ұзай бере, қайырылып, маған қарап... бір зәндемі сарказммен езуін ырситып күлді... Мейлі...
Айтыскер Ринат Зайытов әріптестерін «сценарийден шыға алмай қалды» деп айыптайды. Айтыстың сапасы әлсіреп бара жатқанын мойындаған ақындар оның басқа себебі барын айтады.
Алматыда Орталық Азия мен АҚШ-тың 20 шақты музыкантының бірлескен концерті өтті. Әр елден жиналып, бір аптадай бұрын ғана танысқан өнерпаздар көрермендердің қошеметіне бөленген бағдарлама даярлап үлгерген.
Tanaris Produktion кинокомпаниясы түсірген «Үзілмеген үміт» көркем фильмі киноэкранға шықты. Бірақ фильм әуелі Қазақстан емес, шетелде көрсетілген.
Соғыстың қарапайым құрбандары туралы жазған көркем шығармасы үшін Нобель сыйлығын иеленген Беларусь жазушысы Азаттықтың Прага кеңсесінде қонақта болып, сұхбат берді.
Қазақстанда мәдениет туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Қыркүйектің соңындағы талқылауға депутаттар, кино және театр мамандары, қоғам өкілдері қатысып, пікір таластырған еді. AzattyqLIVE хабарының сарапшысы Ерлан Саиров осы заң жобасы жайлы пікірімен бөлісті.
Парламенттің жұмыс тобында мәдениетке қатысты заң жобасын талқылаған депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдері кітап пен кино мәселесіне ұзақ кідірді.
Қазақстан президентінің қызы продюсерлік еткен «Анаға апарар жол» көркем фильмі прокатқа шықпақ. Авторлары «патриоттық туынды» деп атаған фильмның бюджеті ресми жарияланған жоқ.
Тағы