AzattyqLIVE қазақстандық кино өнеріндегі соңғы жаңалықтар мен халықаралық кино фестивальдерге ұсынылған фильмдерді талқылады. Хабар қонағы - Пусан кино фестивалінде бас жүлде алған «Өліара» қысқа метражды фильмінің авторы, кинорежиссер Елзат Ескендір.
Кейбір заңнамалық актілерге мәдениет бойынша толықтырулар енгізу жайын талқылаған жиында «қоғамдық маңызы» бар кітап шығару және қаламақы мәселесіне баса назар аударылды.
Алматыда Қазақстанның ұлты неміс жазушысы, аудармашы, әдеби сыншы Герольд Бельгер жайлы деректі фильмді таныстырды. Ол көзі тірісінде СССР-де неміс халқының дискриминацияға ұшырауының символына айналған еді, бірақ фильмде бұл туралы мүлде дерлік айтылмаған.
Алматыда «Жас сахна» театры «Көшкін» спектаклін қойды. Қойылым - қоғамдағы үрей туралы. Алматыға туынды авторы, түрік драматургі Төнжер Жүженоғлы келді. Әсерімен бөліскен қазақ көрермені «Қазақстанда еркін ойлы азаматтар көбейіп келеді» дейді.
Алматыда «Бастау» халықаралық студенттер фильмі мен киномектептері фестивалі өтіп жатыр. Қазақстандық студенттердің фильмдері көбінесе жеке адамның ішкі күйзелісін көрсетеді.
Алматыда «Ақтастағы Ахико» деректі спектаклінің премьерасы өтті. Драмалық шығармаға екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қазақ жеріне тұтқын ретінде әкелінген жапон бозбаласының тағдыры арқау болған.
Алматыда қазақтың көрнекті үш тұлғасының жұбайы болған Фатима Ғабитованың өмірі туралы «Фатима» деректі фильмінің премьерасы өтті. Ол кісінің күнделіктерінде Қазақстанның 1916 жылдан бергі тарихы қамтылған.
«Қазақстанда түсірілген қылмыстық әлем туралы киноларды жұрт неге жаппай көреді?», «Ұсақ бандиттер туралы фильмдер түсіру қашан тоқтайды?». AzattyqLIVE бұл тақырыпты киносыншы Гүлнәр Әбікеевамен талқылады.
Қандай да бір тұлғаға қарсы немесе жақтау тұрғысындағы ақпараттық кампаниялар қалай жасалады? Олардан қорғанудың жолы қандай? AzattyqLIVE сарапшысы - PR маманы Нұркен Халықберген.
Олжасын аузына көлденең тістеп, оны біреу тартып алатындай жедел жылысып бара жатқан сары ит (ай, итпісің деген!) анадай жерге ұзай бере, қайырылып, маған қарап... бір зәндемі сарказммен езуін ырситып күлді... Мейлі...
Айтыскер Ринат Зайытов әріптестерін «сценарийден шыға алмай қалды» деп айыптайды. Айтыстың сапасы әлсіреп бара жатқанын мойындаған ақындар оның басқа себебі барын айтады.
Алматыда Орталық Азия мен АҚШ-тың 20 шақты музыкантының бірлескен концерті өтті. Әр елден жиналып, бір аптадай бұрын ғана танысқан өнерпаздар көрермендердің қошеметіне бөленген бағдарлама даярлап үлгерген.
Тағы