Зейнетке шыққан түркиялық қазақ дәрігер әйел Азаттыққа не себепті саясатқа араласып, парламент сайлауына түскенін әңгімеледі.
Азаттықта 12 маусымға жоспарланған Қазақ хандығы туралы тарихи сериал сценариі авторларының бірі жазушы Смағұл Елубаймен онлайн-конференция кейінге қалды.
Мәдениет және спорт министрінің «Қазақстанды масқаралайтын» фильмдер туралы мәлімдемесі киносыншыларды таң қалдырып, бір продюсердің «күлкісін» келтірді.
Түркияда тұратын 16 жасар қазақ баласы Таха Ясин Малкоч домбыра шертуді әуелі интернеттен үйренгенін айтады. Ол Стамбулда күй мектебі жоқтығына қапалы.
Алматыда бүгін үшінші халықаралық The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалі аяқталады. Қатысушылардың кейбірі этникалық музыка фестивальдері – «өз түп-тамырыңа оралу» көрсеткіші екенін айтады.
Алматыда Ресей империясына қарсы көтеріліс бастаған Кенесары Қасымов туралы зерттеу жазғаны үшін СССР тұсында қуғындалған қазақ тарихшысы Ермахан Бекмаханов жайлы фильм премьерасы өтті.
Жуырда Украинадағы гастролінен оралған грузин артисі Вахтанг Кикабидзе "Ресейден қалған көңілі мен «Мимино» фильмі туралы сұхбат берді.
Қазақстандық балалар жазушысы Аделия Амраева елде кітап шығару қиын екенін айтады. Алматы баспаларының бірі бас тартқан соң ол кітаптарын Ресейде бастыртып жүр.
Францияның Канн қаласында 68-халықаралық кинофестиваль өтіп жатыр. Биыл онда қазақстандық жеті фильм конкурстан тыс көрсетілмек.
Досхан Жолжақсынов түсірген «Құнанбай» фильмінің премьерасы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өтпек. Азаттық киноның режиссері, әрі бас рөлдегі актерінен сұхбат алды.
Прокатқа енді ғана шыққан «Регион 13» криминалдық драмасы шетел агенттерімен күреске тіпті қылмыс әлемінің «басшысына» дейін кірісіп кететін «Қазақстанда бәрі бақылауда» дегенді меңзейтін сарында түсірілген.
Азаттықтың Қырғыз қызметіне сұхбатында әнші Әділ Чекилов сәуірдің 28-і күні 52 жасында дүние салған қазақстандық музыкант Батырхан Шүкеновтың Қырғызстанда танымал болуының сырын айтты.
Тағы