Қазақстан неміс театрында германиялық режиссер Кай Вушек сахналаған «Қонақ үй» спектаклі премьерасы өтті. Ондағы бас кейіпкер - Женевадағы ең ірі үш отельдің бас директорына айналған даяшы.
Астанада режиссер Әділхан Ержановтың «Қожайындар» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина көрермендер арасында дау тудырды. Кейбір көрермендер оны кезінде дау туғызған «Борат» комедиясымен салыстырып, «арандататын фильм» деп атады.
Азаттық сайтында наурыздың 13-і күні қазақстандық кинорежиссер Ермек Тұрсыновпен онлайн-конференция өтті.
Кинотеатрларда «Дорога домой» («Оралу») фильмі прокатқа шығады. Назарбаев билігі тұсында «өркендей бастады» деген сарында түсірілген фильмде «отан сүюге» шақыратын үндеулер көп.
Қазақстанда түсірілімі әлі басталмаған тарихи телесериалға жоба авторлары «жеткілікті ақша бөлуді» сұрайды. Фильм премьерасы биылғы Тәуелсіздік күніне белгіленген.
Наурыз айының басында қазақстандық суретші Эдуард Казарян Андрей Нода мен Марат Бекеевпен бірлесіп көрме өткізу үшін Канн қаласына бармақ.
Биыл Алматы ислам мәдениеті астанасы мәртебесін алды. Жергілікті ғалымдар бұл маңнан мұраларды және ислам діні таралуына қатысты өзге айғақтарды іздеп, тауып жатыр.
Театр тарихшылары, өнер қайраткерлері мен оқытушылар Алматыға жиналып, қазақ театр өнерінің пайда болған күнін белгіледі.
Моңғолиялық әуесқой фотограф Баяр Балганцэрэн пейзаждық суреттерді түсіреді. Ол өзінің фотоөнер жайлы ойларымен бөлісті.
Мәскеу мұсылмандары жеңіл көлік тіркемесін жылжымалы мешітке айналдыратын жобаға қаражат жинауға кірісті.
Интернет қолданушылар жуықта қайтыс болған жазушы Герольд Бельгерді Астанада салынбақ ұлттық пантеонға жерлеп, есімін Алматыдағы көшеге беруді ұсынды.
Мамандар қазақтың ат спорты мен ұлттық медицинасының Қытайдағы материалдық емес мұралар тізіміне енуі ол мұралардың дамуына сеп боларын айтады.
Тағы