Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен "Он ұлттық жобаның" жаңалығы неде? Сарапшылар "аты өзгеріп, заты сол қалпы қалған" жобалардың авторлары да, орындаушылары да ескі кадрлар екеніне назар аударады және оған жұмсалатын триллиондардың есебі болмай ма деп күдіктенеді.
Әлемдік автонарықтағы жаңа көлік тапшылығы Қазақстанда да қатты сезіліп отыр. Соның салдарынан қазір базарда тебілген ескілеу көлік қымбаттап жатыр. Азаттық көлік нарығындағы жағдайды анықтап көрді.
Қытайдан ең көп қарыз алған елдер ондығына кірген Қазақстанның Пекинге "жасырын қарызы" ІЖӨ-нің 10 пайызынан асып кеткен. Америкалық сарапшылар Қытай қаржы орындары "жасырын борышты" мемлекет қарызына айналдырудың түрлі тетігін қолданады дейді. Зерттеуде "Бір белдеу – бір жол" жобасы да аталған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауында экономикаға қатысты қандай қарама-қайшылықтар бар? Жыл сайын айтылатын экономиканы әртараптандыру неліктен қағаз жүзінде қалып келеді? Азаттық радиосы Eximar Foresight агенттігінің директоры, экономист Айман Тұрсынқаннан сұрады.
2021 жылы жаз келісімен Орталық Азия елдерінде картоп пен сәбіз бірнеше есе қымбаттады. Әр мемлекет бағаның өсу себебін өзінше түсіндіреді, бірақ экспорт пен импорттың ықпалы, өнімнің аз жиналуы және ішкі экономикалық мәселелер сияқты ортақ факторлар да бар.
Экономикасы тұралап, қаржы мүмкіндіктері шектелген Қырғызстан мемлекеттік қарыз салмағын бұрынғыдан да қатты сезініп отыр. Елдің сыртқы қарызының басым бөлігі – Қытайдан алынған несие. Қазір билік өкілдері қаржы міндеттемесін орындау үшін радикал шаралар қолдануды талқылай бастаған.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдері қымбаттады. Билік бағаны ұстап тұру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап отырғанын айтады, ал отандық өндірушілер субсидия көлемін арттыруды сұрап отыр.
Осы аптада батыс баспасөзі қазақстандық Tengri Bank миноритар банкінің жабылуы, Қазақстанның мұнай-газ саласынан кеткен инвестордың активтері кімнің қолына өткенін талдаған.
2020 жыл басталғанда премьер-министр Асқар Мамин "Қазақстан тұрақты даму жолына түсті" деп мәлімдеген еді. Жылдың соңы үкіметтің Азия даму банкінен 2 миллиард доллар қарыз алуымен аяқталды. Азаттық сұхбаттасқан экономист Айман Тұрсынхан жылдың экономикалық қорытындысын жасап көрді.
Сарапшылар салымшыларға ақшасын бір банкте сақтамауға, мемлекеттік органдарға болған жағдайдан қорытынды шығаруға, ал компанияның бәсекелестеріне онлайн қызметтерін дамытуға кеңес береді.
Тағы