Тамыздағы теңге девальвациясы доллармен несие алған алматылық Абатовтар отбасының бюджетіне ауыр тиді. Төрт баласы бар отбасы енді пәтерін сатып, қала сыртынан уақытша баспана салуды ұйғарған.
Орталық Азиядағы су жайы Берлиндегі жиында сөз болды. Маманның пікірінше, бұл өңірдегі су дауының саяси қыры басым.
Қаржы министрлігінің парламентке жолдаған заң жобасы су мен сусын өндірушілерді наразы етті. Ал министрлік кәсіпкерлердің талабы негізсіз екенін айтады.
Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы Совет одағы кеңістігінен долларды ығыстырып шығару туралы заң жобасын ұсынғанда ТМД елдерінің көпшілігі бұған аса таңырқай қойған жоқ.
ЕАЭО-на кірген соң Қырғызстанда үшінші елдерден әкелінетін тауарлар қымбаттады. Енді Қазақстанда да баға қымбаттауы мүмкін деген қауіп айтыла бастады.
Ұлттық банк бір күндік репоның базалық мөлшерлемесін 12 пайыз деңгейінде бекітті. Теңгенің айырбас бағамы еркіне жіберілуіне байланысты ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесі инфляцияны тежеу үшін пайдаланылмақ.
Топ-бизнесмен Марғұлан Сейсембаев «Жауап беремін» жобасын бастап, оны әлеуметтік желілерде жарнамалап жатыр. Оны қолдағандар ішінде бұрынғы топ-шенеунік Зейнолла Кәкімжанов бар.
Әлемдегі мұнай бағасы арзандап, Ресей экономикасы шатқаяқтай бастағалы Орталық Азиядағы бес елдің де қиындықтарға тап болатыны білінген еді.
Батыс баспасөзінде Қытай экономикасы өсімінің баяулауына қатысты алаңдаушылық күшейіп, ел билігінің тиісті реформалар жүргізу қабілетіне қатысты күмән келтірген болжамдар басым.
Қазақстан мен МАГАТЭ аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойды. Үкімет өкілі сөзінше, ол банк – «Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосып отырған үлесі».
Негізінен шикізат сатумен айналысатын елдердің экономикалары шатқаяқтай бастады, ең соңғы болып бұл ауыртпалық Қазақстанға да жетті.
Бағаны күрт өсірмеу туралы Қазақстан президентінің тапсырмасын қадағалау үшін жергілікті әкімдер базарлар мен ірі сауда орталықтарын аралап кеткенімен баға бәрібір өсіп барады.
Тағы