Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қарулы қақтығыстан кейін қос тараптың ешқайсысын ашық қолдағысы келмеген одақтас мемлекеттер ыңғайсыз жағдайда қалды. Бірақ сөзі мен ісі арқылы өз позициясын айқын көрсетіп отырған басшы да бар.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан кейін Тәжікстан қырғыздарды, Қырғызстан тәжіктерді елден шығарып, кейбіріне қысым көрсетіп жатыр деген ақпарат тарады. Екі елдің билігі мұны жоққа шығарып отыр.
Қазақстан билігін сынайтын белсенділер қудалауға түсіп, қорқытып-үркітуге тап болады дейді құқық қорғаушылар. Белсенділердің арыз-шағымы бойынша іс қозғалғанымен, жасалған қылмыстың көбі ашылмайды, ал кінәлілер жазадан құтылып кетіп жатады.
Депутат Айдос Сарымның сөзіне фактчек
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағалығын қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Назарбаевтың өзі президент болған тұста ел экономикасы күрт жақсарғанын айтып мақтанып, қазіргі кезді 1990 жылдармен салыстыруын сарапшылар "ақпаратты ойнату" деп санайды.
Пекин Ауғанстандағы ықпалын күшейтуге қамданып жатыр, бірақ елде аласапыран басталып кетсе, оған белшеден батқысы жоқ.
ГРУ-дың 29155-құпия әскери бөлімі Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды және Англияда Ресей барлау қызметінің бұрынғы офицері мен Болгарияда қару-жарақ саудагерін улады деген күдікке ілінген. Енді бұл тізімге Чехиядағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс та қосылды.
Сарапшылар АҚШ Ауғанстаннан әскерін әкетсе, Иранның аймақтағы ықпалы күшейетінін айтады. Бірақ мемлекетте бұрқ ете түсуі мүмкін кез келген озбырлық Тегеранға қиындық туғызып, соның салдарынан Иран жағдайды уысынан шығарып алуы да ықтимал.
АҚШ Ауғанстанға 20 жыл бұрын кіргізген әскерінен қалған 2,5 мың сарбазды бұл елден әкетпек. НАТО да өз әскерін әкететінін мәлімдеді. Сарапшылар Ауғанстан үкіметі күштерінің "Талибан" экстремистеріне қарсы тұруға шамасы жетпейді деп алаңдап отыр.
Үкімет заңға "дербес ақпаратты қорғау" және "ақпарат қауіпсіздігі" бойынша өзгерістер енгізуді ұсынады. Билік бұл өзгертулер дербес ақпаратты қорғап, зиянды бағдарламалармен күресу үшін қажет деп түсіндіреді. Ал құқық қорғаушылар мұның астарында цензура мен интернетті реттеу мақсаты жатыр дейді.
Тағы