"Еуразия экономика одағын кей елдердің санкциясына бірге жауап беретін одаққа айналдыру жөнінде ұсыныс – Ресейдің эгосын қанағаттандыру" дейді сарапшылар. Кейбірі Қазақстан бұл ұйымнан шығуы керек деп санайды. Қазақстан билігі ЕАЭО тек қана экономикалық одақ дегенге сендіргісі келеді.
Президент болып сайланғанына екі жыл толған Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары халықаралық қауымдастықты "Қазақстан демократияға бет түзеді" дегенге қаншалық сендіре алды? Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси сахнадан кеткен соң Тоқаев билікті сақтап қала ала ма? Сарапшы Кейт Маллинсонмен сұхбат.
Қырғызстанда "Құмтөр" алтын кеніне байланысты бұрынғы үкімет басшыларын, басқа да лауазымды адамдарды бірінен соң бірін қамап, тергеп-тексеріп жатыр. Бұл іске не түрткі болды? Жақында ғана парламенттік басқарудан президенттік формаға өткен елдегі бұл оқиғаның саяси астары жоқ па?
Ryanair ұшқышы мен Минскідегі диспетчердің арасындағы әңгіме халықаралық қауымдастықтың "Минск оппозициялық журналист Роман Протасевичті ұстау үшін ұшақты әдейі қондырды" деген тұжырымын дәлелдей түсті. Беларусь жариялаған стенограмманың бір бөлігі биліктің кей сөзіне қайшы келеді.
Павлодар өңіріндегі "әкімдердің алғашқы тартысы" облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовтың өзіне бағынышты Ақсу қаласы әкімі Нұржан Әшімбетовті орнынан алуымен аяқталды. Ақсудың қазіргі тұрмыс-тіршілігі қандай? Әкімдер тіресінің артында не тұр? Жұрт не дейді? Азаттық тілшісі Павлодар облысына барып қайтты.
Журналист Жәмила Маричева Азаттыққа берген сұхбатында Instagram желісіндегі PROTENGE жобасы мемлекеттік сатып алуға жауапты шенеуніктердің мазасын қашыратыны туралы айтты.
Бір жыл бұрын Алматының тергеу абақтысынан шыққан азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев соттың оған шығарған үкімін "ауыз жабудың заңдастырылған тетігі" деп атаған. Сот үкімі аузына қақпақ, аяғына тұсау болған белсенді қазір мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылған.
Беларусьтегі Tut.by порталының негізін қалаушылардың бірі Кирилл Волошин Азаттықтың Орыс қызметіне берген сұхбатында сайтты бұғаттау, қызметкерлерді тінту шаралары жөнінде әңгімелеп, қазіргі қиын жағдайдан қалай шығатыны жайлы ойын бөлісті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 мамырда екі күндік ресми сапармен Душанбеге барады. Бұл оның легитимдігін арттыруға талпынысы ма, әлде ол бұрынғы президенттің Қазақстанды "бітімгер ел" ретінде көрсету саясатын жалғастырмақ па? Азаттық саясаттанушы Досым Сәтпаевпен сөйлесті.
Шыңжаң аймағындағы туыстарын босатуды талап еткен қазақтардың Алматыдағы Қытай консулдығына келіп жүргеніне 100 күн толды. Содан бері оларға консулдықтан ешкім шықпады. Пикетке қатысушылардың тек біреуінің талабы орындалды. Қазақстан билігі "заңсыз шараға" қатысқан бірнеше наразыны жауапқа тартты.
Бүгін, 18 мамырда ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды. Ол туған күні қарсаңында Азаттыққа берген сұхбатында шығармашылық еркіндік, билік ауысуы, ядролық сынақ жайлы ой бөлісіп, қазақстандықтарға табиғи байлықтан түскен табыстан неге үлес берілмейтіні туралы пікірін айтты.
Тағы