Қазақстанда Украинаны жастар ғана қолдайды, ал сауалнамаға қатысқан адамдардың үштен бірі Ресей пропагандасының ықпалына түскен. Demoscope қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы қазақстандықтардың соғысқа көзқарасын зерттеп, осындай қорытынды жасады. Бюро басшысы Әділ Жалиловпен сөйлестік.