Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан төрт адам опат болғанын мәлімдеді. Ақтөбе өңірінде еріген қар суына батқан екі баланың ажалына "тасқынның қатысы жоқ" дейді билік. Абай облысында өзен тасып жатқанда жоғалған төрт адам әлі табылмай жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан төрт адам опат болғанын мәлімдеді. Ақтөбе өңірінде еріген қар суына батқан екі баланың ажалына "тасқынның қатысы жоқ" дейді билік. Абай облысында өзен тасып жатқанда суға кеткен деген күдікпен төрт адам іздестіріліп жатыр.
Алматының Көкқайнар ықшам ауданының онға жуық тұрғын үйін су басты. Төрт отбасы қауіпсіз жерге уақытша көшірілген. Толассыз жауған жауыннан жер үйлердің маңынан өтетін шағын өзен арнасынан шығап, тұрғындарды әбігерге салған.
Ақтөбе облысындағы су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Дәл қазір Ырғыз ауданындағы бес ауылдың халқы тасқынмен күресіп жатыр. 16 сәуірде су тасу қаупі күшейгендіктен Торғай мен Ырғыз өзендерінің қосылатын тұсындағы Құйылыс ауылының халқы көшіріле бастаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев су басып жатқан Солтүстік Қазақстанға барды. Президент барлық шығынды мемлекет өтеп береді дейді. Ал жұрт бір реттік төлем алу үшін кезекте тұр.
Оралда мыңдаған тұрғын Ресейден келетін суға дайындалып, Жайықтың бойын бекітіп жатыр. Жергілікті билік тасқынның екінші толқыны 20 сәуірде келуі мүмкін деп болжайды. Ал қала іргесіндегі саяжай тұрғындары су басқан үйлеріне өтемақы беруді талап етіп, жолды жапты.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы - тасқыннан ең көп зардап шеккен елдімекеннің бірі. Мұнда сәуірдің басында жүздеген үй суға кетіп, мыңдаған адам бір күнде баспанасыз қалды.
Солтүстік Қазақстан облысы халқын тасқын әуреге салып жатыр. Аймақта 1700-ден аса үйді су басып, жеті мыңнан аса адам эвакуацияланды. Азаттық тілшілері өңір орталығы Петропавлдың іргесіндегі елді мекендердегі жағдайды көрді.
Тағы