Осы апта Армения Кеден Одағына кіретінін мәлімдеді. Азаттық тілшісі АҚШ экономисі Джуди Шелтонмен осы одақтың мүше елдерге пайдасы туралы әңгімелесті.
Осы апта заңгер Әнуар Түгел Байқоңыр қаласы маңын экологиялық апат аймағы деп санау жөнінде бастама көтерді. Адвокат Абзал Құспанның айтуынша, ұсыныстың іске асуы сол өңір халқына байланысты.
Оралмандар мәселесі әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына өткесін, оралман мәртебесін беру туралы ереже қайта бекітілді. Азаттық бұл өзгеріс туралы оралмандар белсендісімен сұхбаттасты.
Open Dialog Foundation ұйымының президенті Людмила Козловска Азаттық тілшісімен сұхбатында «Еуропа Одағы Қазақстаннан адам құқығын құрметтеуді талап етеді» дейді.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс жуықта міндетін аяқтайды. Азаттыққа сұхбат берген елші екі жыл ішінде атқарған істері жайлы, Қазақстанда болған оқиғалар туралы айтты.
Азаттыққа арнайы сұхбат берген АҚШ Жоғарғы сотының судьясы Елена Каган тәуелсіз сот жүйесінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.
Италиялық журналист, әрі саясаттанушы Джованни Бенси Азаттыққа берген сұхбатында Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын бұрын кездеспеген тәсілмен депортациялау Италияда саяси дау тудырғанын айтты.
Қазақстан мен АҚШ медицина, биотехнология, инновация саласында ынтымақтастықты дамытуға келісті. Азаттыққа сұхбат берген АҚШ профессоры Архат Әбжанов екі елдегі ғылымның дамуы туралы айтты.
Дэвид Кэмерон Қазақстанға ресми сапар шегетін алғашқы Ұлыбритания премьері болғалы тұр. Азаттық Лондон университетінің Орталық Азияны зерттеуші ғалымы Бавна Давемен сұхбаттасты.
Маусымның 12-сі күні Қазақстан парламенті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескертпелерімен келісіп, «зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын қайта қабылдады.
Азаттық мамырдың 23-і күні әлемдегі адам құқықтары ахуалы бойынша жылдық есебін жариялаған Amnesty International ұйымының өкілінен Қазақстандағы жағдай бойынша сұхбат алды.
Құқық қорғаушы Нинель Фокина «Қазақстанда сенім бостандығының бұзылуы қалыпты жағдайға айналды» дейді.
Тағы