«Кеден одағы Қазақстандағы бағаның өсуіне сөзсіз әсер етеді» дейді Азаттық радиосында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар. Олардың пікірінше, бұл жоба Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын күшейтуіне тиімді болғалы отыр.
2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресей, Беларусь және Қазақстан шекарасындағы кеден бақылауы алынып тасталады. Келiсiмдерге сәйкес, осы күннен барлық кеден бақылауы Кеден одағына қатысушы елдердің iшкi шекараларының аумағында iске асады.
Дәл қазір Қазақстан-Қытай шекарасында не болып жатыр? Кеден одағы Қазақстан шекарасындағы азаматтарға кедендегі тексеруді түбегейлі жоятындығына уәде бере ме?
Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысушылар осы сауалдарды талқылады.
Пікірталасқа қатысқандар: Қазақстан кеден делдалдары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков, Қазақстанның тәуелсіз кәсiпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов, Азаттық радиосының экономикалық шолушысы Дерья Атабаев және Қазақстан президентігіне үміткер болған бұрынғы парламент депутаты Уәлихан Қайсаров.