Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

«Кеден одағы Қазақстандағы бағаның өсуіне сөзсіз әсер етеді» дейді Азаттық радиосында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар. Олардың пікірінше, бұл жоба Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын күшейтуіне тиімді болғалы отыр. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресей, Беларусь және Қазақстан шекарасындағы кеден бақылауы алынып тасталады. Келiсiмдерге сәйкес, осы күннен барлық кеден бақылауы Кеден одағына қатысушы елдердің iшкi шекараларының аумағында iске асады. Дәл қазір Қазақстан-Қытай шекарасында не болып жатыр? Кеден одағы Қазақстан шекарасындағы азаматтарға кедендегі тексеруді түбегейлі жоятындығына уәде бере ме? Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысушылар осы сауалдарды талқылады. Пікірталасқа қатысқандар: Қазақстан кеден делдалдары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков, Қазақстанның тәуелсіз кәсiпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов, Азаттық радиосының экономикалық шолушысы Дерья Атабаев және Қазақстан президентігіне үміткер болған бұрынғы парламент депутаты Уәлихан Қайсаров.

XS
SM
MD
LG