Accessibility links

Шілденің 1-інде Кеден одағына кіретін Қазақстанды не күтіп тұр?


Ресей президенті Дмитрий Медведев (оң жақта), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) және Беларусь президенті Александр Лукашенко Кеден одағы басшылары саммитінде. Мәскеу. 9 желтоқсан 2010 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев (оң жақта), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) және Беларусь президенті Александр Лукашенко Кеден одағы басшылары саммитінде. Мәскеу. 9 желтоқсан 2010 жыл.

«Кеден одағы Қазақстандағы бағаның өсуіне сөзсіз әсер етеді» дейді Азаттық радиосында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар. Олардың пікірінше, бұл жоба Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын күшейтуіне тиімді болғалы отыр.


2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресей, Беларусь және Қазақстан шекарасындағы кеден бақылауы алынып тасталады. Келiсiмдерге сәйкес, осы күннен барлық кеден бақылауы Кеден одағына қатысушы елдердің iшкi шекараларының аумағында iске асады.

Дәл қазір Қазақстан-Қытай шекарасында не болып жатыр? Кеден одағы Қазақстан шекарасындағы азаматтарға кедендегі тексеруді түбегейлі жоятындығына уәде бере ме?

Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысушылар осы сауалдарды талқылады.

Пікірталасқа қатысқандар: Қазақстан кеден делдалдары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков, Қазақстанның тәуелсіз кәсiпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов, Азаттық радиосының экономикалық шолушысы Дерья Атабаев және Қазақстан президентігіне үміткер болған бұрынғы парламент депутаты Уәлихан Қайсаров.

«КОНТРАБАНДАҒА МҮДДЕЛІ АДАМДАР»

Жүргізуші:

Қазір Кеден одағы шекарасындағы тексерулерді алып тастайтын кезде Қазақстан-Қытай шекарасындағы кеденде не болып жатыр?

Геннадий Шестаков:


– Бiрiншiден, әңгіме тексеру емес, кеден бақылауын түбегейлі алып тастау жайлы. Тексеру әрі дегенде 20-30 пайыз жүргізілетін. Транзиттік көліктің барлығына кедендік бақылау жасалатын. Қазір кедендік бақылау және тексеруші органдар – мал дәрігерлік, санитарлық, көлік бақылауы барлығы бір жерге топтастырылды. Демек, істі қарапайым түрде реттеу қолға алынды.

Жүргізуші:

Мәлімет бойынша, келісімдерге сәйкес Кеден одағындағы елдердің өзара кеденшілерін алмастыру қарастырылған. Бірақ Қазақстанның кедендік бақылау орындарында ресейлік қызметкерлер жұмыс істеп жатқанымен, олардың қазақстандық әріптестері әлі де Ресейдің кедендік орындарына жете алмаған, Әлде оларды жібермей отыр ма? Қайсаров мырза, сіз осыны түсіндіріп бере аласыз ба?

Уәлихан Қайсаров:


– Ресей Федерациясы бәрінен бұрын Беларусь пен Қазақстан жақтан келетін контрабандалық ағынға қарсы тұруға мүдделі. Ресей, әсіресе, Қазақстан-Қытай шекарасына ерекше көңіл бөледі.
Қазақстан Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Еуропадан –
Саясаткер Уәлихан Қайсаров.

Қытайға, Қытайдан – Еуропаға, соның ішінде Ресей Федерациясына, Украина мен Беларуське көлік өте көп өтеді. Әрине, Ресей бұл жүктің біздің шекара арқылы контрабандалық жолмен өткендігіне мүдделі емес. Ресей біздің арнайы қызметкерлерден тәртіп орнатуды талап ете отырып өздерінің ісі қаншалықты дұрыс екендіктеріне сенеді.

«Қазақстан Ресей Федерациясы және Беларусь кедендеріндегі ахуалға қаншалықты ықпалын тигiзе алады?» деген – басқа мәселе.

Егер Ресей кеденшiлерi қазақстандық кеден орындарында, ал біздің кеденшілер Ресей Федерациясы мен Беларусь бекеттерінде жұмыс iстесе – жемқорлық жоғала қалмайды. Қайта олар өзара келісе бастайтын болады. Сондықтан мамандарды айырбастағаннан мәселе шешілмейді.

Әуелі мәселе мынандай жолмен шешілуі керек: кәсіпкерлер өздері заң шығару базасын өңдеуге және әртүрлі нормативтік-құқықтық актілерге қатысуына болады, сонымен бірге кедендік орындарда қоғамдық ұйымдар сияқты тікелей өз еншісі бар бақылаушылары болуы керек. Сондықтан шекарадағы тәртіпті тек қоғамдық ұйымдардың қатысуымен түзетуге болатын шыгар.

Мәселенi шешуге ең алдымен мемлекет басшыларының саяси ерiк-жігері керек, мекеме жетекшiлерiнiң де саяси ерiк-жігері болуы керек. Кеден орындарына әдейі жіберілген арнайы қызметтің бұрынғы жетекшілері бұл тапсырманы орындай алмады. Міндет тек қана бұл мәселенiң шешiлуіне мүдделі мемлекет басшыларының қатысуымен орындалады. Қазір, өкінішке қарай, мен контрабандалық жүктерді тасуға осы адамдардың өздері мүдделі екенін байқап отырмын. Өйткені бұл контрабандалық бизнесте олардың көбі үлеске ие.

«БАҒАНЫ АРЗАНДАТА АЛМАДЫҚ»

Жүргізуші:

Атабаев мырза, «Кеден одағы ішкі шекарадағы кедендік түбегейлі тексерулерді алып тастағаннан кейін Қытайдан келетін тауар бірден Ресейге қарай кедергісіз ағылады; кедендік түбегейлi тексеруді алып тастау ең алдымен Ресейге тиімді» деген пікір бар. Сіз мұнымен келісесіз бе?

Дерья Атабаев:


– Иә, мен бұл пікірмен келісемін. Кеден одағына мүше елдер бірыңғай ереже жасауы керек. Кеден одағы құрылғанда кеденді бір ізге бейімдеу керектігін шешті. Сонымен бірге үш елде де кеден тарифтері 40 пайызға дәл келдi. Ал 11 мың тауар бойынша тiптi дәл келмедi. Ендi Қазақстанға кеден бағасын 55 пайызға өзгертуi керек болатын. Одан кейін бұл бағалар бұдан да өсуі керек еді. Сондықтан 2014 жылға дейінгі бағалар бойынша төменгі деңгейде қалған 400 тауардың тізімін кейінге сақтаған.

Кәсiпкерлер жеңілдіктер тізіміне кіретін тауарларды көп өткізу үшін осыны пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанға керек емес, ал Ресей экономикасына зиян келтіретін тауарларды таңдайды. Кеден одағында мұндай үйлесімсіз тұстар көп.

Жүргізуші:

Назханов мырза, Кеден одағының шекарадағы кедендік бақылауды алып тастауы Қазақстандағы бағаға әсер етуі мүмкін бе?

Тимур Назханов:


– Шекара арқылы келетін немесе ел ішінде жүретін тауар айналымының бағасы өсе береді. Біз Кеден одағына мүше болған бір жарым жыл ішінде бағаны арзандата алмадық, қайта керісінше болғанын көріп отырмыз.
Қазақстан тәуелсіз кәсiпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов. Алматы, 3 шілде 2009 жыл.

Әрине, бұған көптеген факторлар әсер етеді, Қазақстан ештеңе өндірмейді, іс жүзінде барлығын басқа елдерден, ең алдымен Қытайдан тасымалдайды.

Сондықтан Қазақстан ең құрығанда өзі тұтынатын тауардың жартысын өзінде өндірмей, Қытайдан, арасында контрабандалық тауар да бар, өнім ағыла береді. Ал баға түспейді. Бұған энергия тасымалдаушылардың бағасы өсе беретінін қосыңыз. Біздің мұндайда Ресей бағасын бағытқа алатынымыз бар. Бензиннің бағасы өссе, барлық тауар мен азық-түліктің бағасы өседі. Бұл соңғы бес-алты айда байқалып отыр.

Жүргізуші:

Шестаков мырза, Қазақстан билігі елдегі бағаның шарықтамауы үшін қандай да бір шешім қабылдай ма?

Геннадий Шестаков:


– Өкінішке қарай, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіретінімізді ескергенде, оның заңдары мен энергия тасымалдау бағасы ел ішінде де, сондай-ақ сыртқа тасымалдайтын тауарларда да бірдей болуы керек. Біз қаласақ та, қаламасақ та бір литр жанармайдың құны 1-1,5 еуроға дейін өседі. Демек, Еуропада қалай, бізде де сондай болады.

Жүргізуші:

Қайсаров мырза, Қазақстан билігі Кеден одағына кіруде нендей мақсатты көздейді?

Уәлихан Қайсаров:


– Кеден одағы Қазақстан үшін сырт көзге ғана керек. "Кеден одағына мүше болдық, беделіміз артып, экономикамыз өсіп келеді" дейді. Анығында бәрі керісінше. Қазақстан экономикасы мұнайдың арқасында ғана өсіп жатыр. Ішкі өнімнің үштен екі бөлігін мұнайдан түскен кіріс құрайды. Мен мұндайда түсті металл, қара металл және газ саласын айтып отырған жоқпын.

Сондықтан экономикамыз дамып жатыр дегеніміз - жалған. Негізгі азық-түлік тауарларының бағасы Қазақстанда 40-тан 300 пайызға дейін қымбаттаған. Коммуналдық қызметтер төлемдерінің тарифы соңғы бес
Негізгі азық-түлік тауарларының бағасы Қазақстанда 40-тан 300 пайызға дейін қымбаттаған.

жыл ішінде екі жарым есе, кейбір аймақтарда төрт есеге дейін өскен. Бұның барлығы үкіметтің экономикалық саясатының жарамсыз екенін көрсетеді. Әрине, сондықтан «Қазақстанның болашағы жарқын, алға койған мақсаттары айқын» деп алдаусырату керек. Егер жақсылап ойланар болсақ, қарапайым Қазақстан тұрғындары үшін Кеден одағының бағаны қымбаттатқаннан басқа пайдасы жоқ, ал орта және шағын бизнеске онсыз да қайыры жоқ.

Ресей Федерациясы өте сауатты қимылдап отыр: біріншіден, негізгі сауда көздерін ТМД аумағында - Қазақстан және Беларусьте ашады, екіншіден, өзінің орта және шағын бизнесіне бәсеке тудыратын тауарларға шекараны жабады. Ресей Федерациясында жеңіл және өңдеуші өндірістердің өте жақсы дамығанын ескеру қажет, ал Қазақстанда мұндай жоқ. Сондықтан қытайлық шағын цехтар мен әр түрлі қосалқы бөлшектерге шекараның жабылуы – қазақстандық кәсіпкерлерге өте ауыр соққы болады.

Оған қоса Ресей Федерациясында негізгі азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар бағасы Қазақстанға қарағанда жоғары болғанын білеміз. Сондықтан Ресей мен Қазақстан арасында шекараның ашылуы Қазақстанда да бағаны қымбаттатады. Халықтың табысының шынайы өсуіне бағынбайды.

Бұның бірінші дәлелі, негізгі қуат көздері дизельдік отын мен бензин бағасы Қазақстанда мамыр айында-ақ көтерілді. Мұнай мен газ министрі бірінші шілдеден бастап баға Ресейдегі бағамен бірдей болатындығын ескертті. Ресейдегі баға қандай екенін жақсы білеміз. Мұны Қазақстан үшін тиімді деп айтпас едім.

Бұл, біріншіден, Қазақстан тұрғындарына, екіншіден, шағын және орта бизнеске тиімсіз. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың қатып қалған шикізат ағынына ғана айналып қоймайды, сонымен бірге Ресей мен Беларуське бола өзіміздің дербес кірісімізден айрыламыз.

«САЯСАТ ЭКОНОМИКАДАН ОЗЫП КЕТТІ»

Жүргізуші:

Кеден одағындағы үш елдің қайсысы кедендік бақылауды алып тастағанның арқасында саяси және экономикалық пайдаға кенеледі?

Геннадий Шестаков:


– Пайда барлық жақта өзара тең болады, себебі кедендік бақылау және мал дәрігерлік, санитарлық, көліктік бақылау жойылады. Тек осы жерде ғана барлығына тиімді болады. Бірақ Кеден одағының ішіндегі сауданы реттеу
Қазақстан кеден делдалдары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков. Алмаиы, 25 қараша 2010 жыл.

жағдайды қиындатып жіберді.

Егер мен бұрын Ресейде бір экспорттық құжат, шекарада транзиттік декларация, Қазақстанда бір импорттық құжат рәсімдесем, енді Ресейде төрт құжат, Қазақстанда үш құжат рәсімдеуім қажет. Сондықтан шекарада ғана пайда түседі, ал басқа жағынан жоғалтамыз.

Жүргізуші:

Атабаев мырза, Кремльдің Кеден одағын құрудағы басым мақсаты не: империялық амбиция ма әлде экономикалық мүдде ме?

Дерья Атабаев:


– Әрине, сөз жоқ, саясат экономиканың алдын орап кетті. Бұрынғы президент, қазіргі премьер-министр Владимир Путин әрдайым бұрынғы Совет одағын қайта тірілтудің жақтаушысы болды. Сондықтан бұл – әуелі
Сондықтан бұл – әуелі экономикалық емес, саяси стратегия.

экономикалық емес, саяси стратегия. Соған қарамастан, Ресей өзіне осындай жауапкершілікті ала отырып, Кеден одағының локомотиві есебінде, саяси ойын ойнай отыра, экономикалық көшбасшының да ауыр жүгін арқалауға тиісті.

Егер Беларусьтің экономикасы тығырыққа тірелген жағдайда, оны біреу құтқаруға тиіс емес пе? Мен Қазақстанды Беларусь экономикасын алға сүйрей алатындай соншама мықты деп ойламаймын. Бұл тек Ресейдің ғана қолынан келеді. Мысалы, қазір Германияның Грецияны сүйемелдеп жатқанындай болады. Бұл жағдайдан шығатын жол қалмайды - не Грецияның дефолтынан еуро құлдырайды, не әйтеуір алға жылжу қажет. Кеден одағында да дәл осыған ұқсас.

Қазақстанға Кеден одағының не пайдасы бар дегенге келейік. Әрине, Қазақстан билігі әуелі саяси қадам жасады, ал экономика елеусіз қалды.

Жүргізуші:

Қайсаров мырза, Кеден одағын құруда кімнің қандай мүддесі үстем?

Уәлихан Қайсаров:


– Сөз жоқ, бұл - ең әуелі Ресейдің мүддесі. Екіншіден, Кеден одағы бұрын Ресей және Беларусьпен әріптес болған қазақстандық кәсіпкерлер үшін де пайдалы болуы мүмкін. Бірақ ондайлар жалпы кәсіпкерлердің тек үш-төрт пайызы ғана. Сондықтан бұл әуелі экономикалық және саяси жағынан Ресей Федерациясына ғана тиімді. Өйткені ол Орталық Азия аймағындағы ең маңызды ойыншыға айналады.

АҚШ, Еуропа мемлекеттері, Қытай мен Үндістан сырт қалады. Тек Ресей ғана бұл аймақта жетекші дипломатиялық ұстанымға ие болып, жетекші саяси ойыншы болады.

Жүргізуші:

Құрметті мырзалар, осымен Азаттық радиосының дөңгелек үстелі аяқталды. Редакция пікірталасқа қатысқандарыңыз үшін рахмет айтады.
XS
SM
MD
LG