Дөңгелек үстел – Саяси және әлеуметтік саладағы күннің өзекті деген күйіп тұрған тақырыптарын қамту үшін саясаткерлермен, мамандармен, Қазақстаннан тыс жердегі сарапшылармен өткізілетін талқылау, талдау сұхбаты
1998 жылдан бастап бірнеше жыл бойы маусымның 10-ы Қазақстанның жаңа астанасы – «Астана күні» ретінде тойланып келді. Кейін біртіндеп «Астана күні» ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен байланыстырылып, бүкіл ел оны шілденің 6-сы күні тойлайтын болды. Ал қазақ тарихында тағы бір астана - Алаш қаласы болғанын бүгінде екінің бірі біле бермейді.
ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан Қырғызстандағы жанжалды реттеуде ешқандай белсенділік танытқан жоқ және ЕҚЫҰ төрағасы болысымен Астананың ұйымға деген қызығушылығы жоғалды дейді Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысушылар.
Азаттық радиосы «Қазақстанда конституциялық монархия орнатып, президент Нұрсұлтан Назарбаевты хан етіп сайлау керек» деген пікірді қолдаушылар мен оған қарсы шығушыларды дөңгелек үстел басына жинады.
Ислам Каримовтың ықпалы әлсіресе, керісінше премьер-министр Шавкат Мирзияевтің салмағы артып келеді. Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстелі осы тақырыпқа арналған.
Ош пен Жалалабадтағы қанды қырғынның артында Бакиевтің адамдары тұр деп санайды Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғаларға арналған дөңгелек үстелге қатысушылар. Тәуелсіз сарапшылар мұндай жанжалдар Орталық Азияның өзге де республикаларында қайталануы мүмкін дегенді жоққа шығармайды.
Тағы