Саяси және әлеуметтік саладағы күннің өзекті деген күйіп тұрған тақырыптарын қамту үшін саясаткерлермен, мамандармен, Қазақстаннан тыс жердегі сарапшылармен өткізілетін талқылау, талдау сұхбаты.
Қазақстанда Ресей, Беларуспен кедендік одақтасуға наразылық артып барады.175 адам қол қойып, интернетте таратылған ашық хатта үштік Кеден одағы Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндіреді деп атап көрсетілген. Азаттық радиосының дөңгелек үстел қонақтары осы тақырыпта ойларын ортаға салды.
Бүкіл ТМД кеңістігін, оның ішінде Орта Азия елдерін дүр сілкіндірген Қырғызстандағы «қызғалдық» төңкерісіне биыл 5 жыл болып отыр. Осыған байланысты Азаттық Радиосы өзінің кезекті дөңгелек үстел талқылауын өткізген еді.
Дөңгелек үстел
Осыдан жиырма бес жыл бұрын, бүкіл әлемді қайта құруымен және жариялылығымен таң қалдырып, ССРО-да Михаил Горбачев билікке келді. Оның билікке келуімен кәрілік жеңген, қаусаған бас хатшылардың дәуірі де өтті. Азаттық радиосының дөңгелек үстелі Горбачев дәуіріндегі Қазақстандағы оқиғаларға арналды.
Тағы