"Украина жасасын!" деген сарбазға орысша сөйлейтін адамдар оқ жаудыратын видео көпшілікті тіксінтті. Мәскеу әзірше үнсіз, бірақ кремльшіл басылымдар мұны "Украинаның арандатуы" дейді. Ақпарат құралдары оққа ұшқан азамат жоғалғандар санатында болған жауынгер Тимофей Шадура екенін жазды.
Германиядағы Маршалл қоры дайындаған есепте Украинада соғыс басталғалы Ресей мен Қытайдың ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметкерлерінің ымыраластығы артқаны айтылады.
Соғысты зерттеу институты Украина Бахмутта тактикалық шегініс жасап жатқанын мәлімдеді. Бірақ қарулы күштердің шығыс қолбасшылығы қаладағы шепті ұстап тұрғанын айтты. Әне-міне Бахмутты басып аламыз деген Вагнершілер уәде етілген қару-жарақты жібермей жатыр деп Мәскеуді айыптады.
Еріктілер тобы мен олардың үйретілген иттері Украинадағы әскери қимылдардың маңызды бөлігіне айналды. Олар Ресей әскерінің зымыран соққысынан қираған ғимараттардан адамдарды құтқаруға, мәйіттерді табуға көмектесіп жатыр.
Украинаның Гуляйполе қаласында соғысқа дейін көрші тұрған бес қария қазір жертөледегі бір бөлмені паналап отыр. Бірер шақырым жерде ұрыс жүріп жатқанда, олар өзін күнделікті күйбең тіршілікпен алдарқатады.
Ұлыбританияның бұрынғы десантшысы, АҚШ орталық қолбасшылығының аға әскери кеңесшісі, генерал-майор Чип Чепмен Ресейдің "қиян-кескі шайқасы" мен Украинаның "айлакерлігі" туралы сұхбат берді.
Австралия, АҚШ, Британияда Мәскеу ұстанымын айыптайтын митингтер өтті. Ал Қытай билігі бүгін соғысты аяқтау жоспарын ұсынды. НАТО мен Еуроодақ Ресейге бүйрегі бұрып тұрған ел делдал бола алмайды дейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарар қабылдады. Қазақстан әдеттегідей қалыс қалғандар қатарында. Бұл – Қазақстанның Ресейді айыптайтын резолюцияларға дауыс беруде төртінші рет қалыс қалуы. Бір жыл ішінде Ақорданың соғысқа қатысты ұстанымы қандай болды?
Ресейдің Украинаға соғыс ашқанына бір жыл толды. Азаттық тілшілері Қазақстанның жеті өңіріндегі тұрғындардан "Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы туралы не ойлайсыз?" деп сұрады.
Тағы