Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен бала құқығы жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер берді. Сот төрағасы «президент пен уәкіл Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды депортациялап, әскери қылмыс жасады» деп күдіктенеді.
Ресейдің күші мен қаруының басымдығына қарамастан, Украина әскері Бахмут қаласы үшін шайқасты жалғастырып жатыр.
Бірнеше айға созылған шабуылдан кейін Донбасстағы Бахмут қаласы қантөгіс алаңына айналды. Украина шабуылға әлі қанша төтеп бере алады? Бахмут құласа, не болады?
"Украина жасасын!" деген сарбазға орысша сөйлейтін адамдар оқ жаудыратын видео көпшілікті тіксінтті. Мәскеу әзірше үнсіз, бірақ кремльшіл басылымдар мұны "Украинаның арандатуы" дейді. Ақпарат құралдары оққа ұшқан азамат жоғалғандар санатында болған жауынгер Тимофей Шадура екенін жазды.
Германиядағы Маршалл қоры дайындаған есепте Украинада соғыс басталғалы Ресей мен Қытайдың ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметкерлерінің ымыраластығы артқаны айтылады.
Соғысты зерттеу институты Украина Бахмутта тактикалық шегініс жасап жатқанын мәлімдеді. Бірақ қарулы күштердің шығыс қолбасшылығы қаладағы шепті ұстап тұрғанын айтты. Әне-міне Бахмутты басып аламыз деген Вагнершілер уәде етілген қару-жарақты жібермей жатыр деп Мәскеуді айыптады.
Еріктілер тобы мен олардың үйретілген иттері Украинадағы әскери қимылдардың маңызды бөлігіне айналды. Олар Ресей әскерінің зымыран соққысынан қираған ғимараттардан адамдарды құтқаруға, мәйіттерді табуға көмектесіп жатыр.
Украинаның Гуляйполе қаласында соғысқа дейін көрші тұрған бес қария қазір жертөледегі бір бөлмені паналап отыр. Бірер шақырым жерде ұрыс жүріп жатқанда, олар өзін күнделікті күйбең тіршілікпен алдарқатады.
Ұлыбританияның бұрынғы десантшысы, АҚШ орталық қолбасшылығының аға әскери кеңесшісі, генерал-майор Чип Чепмен Ресейдің "қиян-кескі шайқасы" мен Украинаның "айлакерлігі" туралы сұхбат берді.
Тағы