Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін деректі фотограф Николай Лосев отбасымен бірге Санкт-Петербургтен Алматыға қоныс аударған. Ол Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанға қалай жеткенін, туған жеріне неге оралғысы келмейтінін айтып берді.
Украина мен Ресейдің соғысып жатқанына 196 күн болды. Киев сарбаздарының қарсы шабуылға шығып, бірнеше ауылды азат еткенін мәлімдеді. АҚШ-тың айтуынша Ресей әскері қазір қаруға мұқтаж, сондықтан Солтүстік Кореядан оқ-дәрі сатып алып жатыр.
Тамызда Ресейден кеткен кіші сержант Павел Филатьев Украинадағы соғыста өзі қызмет еткен бөлімнің жағдайы туралы 141 беттен тұратын кітап жазған. "Ресейліктер "соғысқа қарсымыз" деп айтудан қорықпаса, соғыс тезірек аяқталады" дейді ол.
Фрэнсис Фукуяма – белгілі америкалық саясаттанушы және Стэнфорд университетіндегі Демократия мен заң үстемдігін дамыту орталығының директоры. Ол халықаралық саясат, экономикалық даму және демократия туралы кітаптар мен ғылыми еңбектер жазған.
1 қыркүйекте Украинаның Чернигов қаласындағы оқушылар қираған мектептеріне келді. Наурызда бұл мектеп Ресейдің шабуылынан қираған еді. Оқушылардың сөзінше, бұл мектепте оқыған екі бала сол кезде қаза тапқан.
Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысы әлі жалғасып жатыр. Сарапшылар Ресей әскері Украинаға басып кірген алты айда Совет одағының Ауғанстанда он жыл соғысқандағы шығынына пара-пар шығын көрді дейді. Бұған Ресей президенті Владимир Путиннің армия қатарын толтыру туралы бұйрығының қандай қатысы бар?
Ресейдің Украинаға басқыншылық жасағанына алты ай болды. Батыстың Украинаны қолдауы бәсеңдеп жатыр ма? Путин мен Зеленский саяси проблемаға тап болды ма? Ресей энергия көздерін тоқтатып, Еуропа жылусыз қала ма? Батыс қару беруді арттыра ма? Кім жеңіп, кім жеңіледі?
Еуроодақ елдерінің кейбірінде дау-дамай мен пікірталас өршіп тұр. Олар "Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салып, Украинаға басқыншылық жасағаны үшін Кремльді жазалау керек пе?" деген сұраққа жауап іздейді.
Тағы