Заңға сәйкес, Қазақстанда сайлау туралы сауалнаманы ОСК рұқсат берген ұйымдар жүргізе алады. Азаматтық қоғам өкілдері мұны "шектеудің кезекті түрі" деп санайды. Ел ішінде үкіметке жақын зерттеу ұйымдары "билікке ыңғайлы" сауалнама жасап, "қоғамдық пікірді дайындап жатыр" деген пікір бар.