Австралия стратегиялық саясат институтының (ASPI) Шыңжаңдағы лагерьлер жайлы ең үлкен карта жариялады. Әр деңгейдегі лагерьлер қалай салынған және олар жайлы не белгілі?
Австралиялық зерттеушілер Қытайдың Шыңжаң өлкесінде лагерьлер саны артқанын анықтап отыр. Бұған дейін Пекин Шыңжаңдағы "тәрбиелеу орталықтарында" ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандар қалмады деген еді.
Азаттық Қытайдың Шыңжаң аймағындағы жағдай туралы кейінгі уақытта жарияланған ең танымал зерттеулердің авторы, Вашингтондағы коммунизм құрбандары мемориалдық қорының аға ғылыми зерттеушісі Адриан Зенцтан сұхбат алды.
Қытай билігі 17 қыркүйек күні Шыңжаңдағы "кәсіпке баулу орталықтары" туралы құжат жариялады. Онда 2014-2019 жылдары "орталықтан" жыл сайын 1,3 миллион Шыңжаң тұрғыны өткені айтылады.
Қытайда "қайта тәрибелеу лагеріне" түсуден қорқып, Қазақстанға қашып өткен этникалық қазақ Қайша Ақанның "пана іздеуші тұлға" куәлігінің мерзімі биыл 20 қарашада бітеді. Заңды құжатсыз жұмысқа тұра алмай, тегін медициналық көмек ала алмай жүрмін деген ол өзін Қытайға қайтара ма деп алаңдайды.
АҚШ Қытайдың мата өндіретін, киім-кешек тігіп, шашқа арналған заттар мен компьютер құрылғыларын құрастыратын 5 компаниясына санкция салды. Вашингтон оларды "Шыңжаңдағы мұсылмандарды еркінен тыс жұмысқа жегу арқылы тауар өндіреді" деп айыптайды. Қытай мұны жоққа шығарады.
Шыңжаңда мұсылмандарға қысым басталғалы Қазақстанда тұрып жатқан біраз адам Қытайда қалып қойған жақын-жуығынан ажырап қалды. Азаттық Шыңжаңнан шыға алмай отырған туысын бірнеше жылдан бері сарыла күтіп жүрген бірнеше адамның хикаясын ұсынады.
Неміс жазушысы Александра Кавелиус "Шыңжаңдағы адамдардың жағдайының сорақылығы соншалық, қол қусырып отыруға дәтің шыдамайды" дейді. Жақында оның Қытайдағы лагерьлер жайлы Die Kronzeugin атты кітабы шықты. Кітаптың қосалқы авторы әрі бас кейіпкері –Сайрагүл Сауытбай.
Тағы