Қазақстан азаматы Рахыжан Зейнолла 16 жылдан бері Қытайдан қайта алмай отыр. Әйелі Фарида Қабылбек 13 жыл түрмеде, бір жарым жыл "саяси лагерьде" болған күйеуінің үйқамақта отырғанын айтады. Қазақстан Зейнолланың ісіне байланысты Қытай елшілігіне ресми нота жолдағанын хабарлаған.