Алматыда тұратын Кәусар Болат 7-сыныпқа бір ай кешігіп барды. №152 мектеп әкімшілігі оқу-ағарту министрлігінің хиджабпен мектепке кіруге тыйым салған бұйрығына сүйеніп, басына орамал тартқан оқушыны бір ай сабаққа кіргізбеген.
Қазақстанда хиджабпен мектепке баруға тыйым салынған соң Ақтөбе облысында орамал тағатын он шақты қыз Ресей мектебінде онлайн оқып жүр. Олардың ата-анасы Қазақстан ресми түрде қашықтан білім алуды заңдастырып, хиджаб тағатын қыздарға үйден оқуға мүмкіндік берсе дейді.
Ақтөбеде "хиджаб дауына" бола екі оқушы қыз қыркүйектен бері сабаққа барған жоқ. Орамалын шешкісі келмегендердің бірсыпырасы қыздарға арналған сыныбы бар жеке меншік лицейде, ал кей оқушы Ресейдің онлайн мектебінен білім алып жүр.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбеде орамал дауы қайта көтерілді. Оқушы қыздары орамал тартатын ондаған ата-ана облыс әкімдігіне барып, Конституциядағы құқықтарының бұзылып жатқанын айтты. Олар қыздарын қыркүйектен бастап мектепке орамалмен кіргізуді талап етті.
Ақтөбе облысында жыл бойы сабаққа қатыспай, репетитордан білім алған сегіз оқушы келесі сыныпқа көшпей қалуы мүмкін.
1 ақпан - дүниежүзілік хиджаб күні, бірақ ресми мереке ретінде аталмайды. 2016 жылы Қазақстан мектептерінде хиджап, орамал тағуға тыйым салған.
Алматы қаласы Ұлжан ықшам ауданының тұрғындары бастауыш сыныптарда оқитын орамал таққан қыздарын сабаққа кіргізбей жатқанына наразы. Ата-аналар "құқығымыз тапталды" дейді.
Ақтөбеде балаларын мектепке орамалмен кіргізуді талап еткен үш тұрғын "мектеп тәртібін бұзып, мұғалімдерге қоқан-лоқы көрсеткені" үшін әкімшілік қамауға алынды. "Діни ахуалы күрделі" саналатын облыста "орамал дауы" биыл да жалғасып отыр.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Фердауси атындағы орта мектептің хиджаб таққан қыздарды сабаққа кіргізбей жатқанына бүгін үш күн болды. Наразы ата-аналар мектеп алдына жиналды. Ал директор министрлік бұйрығына сүйенеді.
Ақтөбе облысында "орамал дауы" кесірінен биылғы оқу жылында мектеп әкімшілігі сабаққа кіргізбеген 22 бала келесі сыныпқа көшпейді. Оқушылар ата-аналарының шағымын аудандық және облыстық соттар қанағаттандырмады. Бақылаушылар билік даулы мәселені шиеленіске жеткізбей шешуі керек дейді.
Павлодардағы №29 орта мектептің екінші сынып оқушысы Халида Әубәкірованың сабаққа бармағанына бірнеше күн болған. Оқушының мойны-басын қымтаған ақ орамалы министрлік бекіткен киім үлгісіне сай емес дейді мектеп әкімшілігі. Орамалға қатысты даудың кесірінен елде ондаған шәкірт сабақтан шет қалып отыр.
Талдықорған қалалық білім бөлімі бірнеше мектепте жиналыс өткізіп, баласы хиджаб киетін ата-аналарға «оқушылар орамалдарын бір аптаның ішінде шешсін» деп ескерткен. Азаттық тілшісі сөйлескен ата-аналардың кейбірі жиналыс кезінде комиссия тарапынан агрессия байқағанын жеткізсе, кейбірі «қыздарымызға қысым жасалған болуы мүмкін» дейді. Комиссия өкілі мен мектеп әкімшілігі мұны жоққа шығарады.
Тағы