Донецк пен Луганскіде 3 қыркүйекке дейін аза тұту жарияланды, мектептер тек сейсенбіден бастап жұмыс істемек. Қазіргі қаралы күн Иосиф Кобзонды жоқтаған үш күндік аза тұтуға ұласты. Александр Захарченко мерт болған соң Донецкіде "Министрлер кеңесі" шұғыл жабық жиын өткізіп, өзін-өзі "республика" деп жариялап алған Донецк басшысының міндетін атқарушы етіп Дмитрий Трапезниковті сайлаған.