Бірі - полиция офицері, екіншісі - режиссер, үшіншісі – ұшқыш. Бұл ұш адамды да елдерінен заңсыз ұрлап әкетті және олар шет мемлекет түрмесіне әділетсіз қамалды - тағдыры талқандалды, болашақтары бұлыңғыр.
Қытай ақшасының құнсыздануы басқа валюталарға тікелей әсер етеді. Азаттық тілшісі «Юань арзандай берсе, оның салдары қандай болуы мүмкін?» деген сауалға жауап іздеп көрген еді.
Украинадағы қарулы қақтығысқа ресейшіл сепаратистер жағында қатысқаны үшін Қазақстанның тағы бір азаматы сотталды.
Ресейдегі үлкен мемлекеттік телеарнаның бұрынғы екі қызметкері Украина шиеленісі кезінде Кремльдің насихат жасауға қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын айтып берді.
Донецкіде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрт көлігін өртеп жіберген.
Ресейлік туристерді жазғы демалысын Қырымда өткізуге шақыратын жарнамалар шықты. Олар түбекті «жер жәннаты» етіп сипаттайды. Бірақ мемлекеттік арнадағы жарнама мен Қырымдағы туристер ахуалы - жер мен көктей.
Рубль құнсыздануынан Қазақстанның солтүстік аймағы кәсіпкерлері әлі зиян шегіп отыр. «30 тонна сүтті далаға төккен шаруашылықтар бар» деген кәсіпкер Ресейдің құнсыз тауарымен бәсекелесу жолын іздейді.
Қырым татарларының дүниежүзілік конгресі "Қырым түбегін Украинаға қайтару үшін барлық тиісті шараларды жасауға" шақырды. Түркияда өткен конгреске қазақстандық делегаттар да қатысты.
Өзі ақын, өзі блогшы Эдуард Чесноков ресейлік «Известия» басылымына жиі комментарий беретін бесаспап «сарапшыға» айналды.
АҚШ Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Тізімге енгізілгендер арасында бұрынғы украиналық шенеуніктер, ресейлік миллардер және Қырымдағы теңіз порттарына иелік ететін компаниялар бар.
Ресей әскері ұдайы Украина шығысындағы сепаратистер бақылауында қалған аймаққа барып, ауысыммен қызмет етіп жүр. Қазан айынан бері заңсыз жасақ сапында соғысып жатқан татарстандық ерікті бұл туралы кеңінен әңгімеледі.
Украинаның Одесса облысына губернатор орынбасары болып баруға келісім берген ресейлік саясаткер түбегейлі әлеуметтік реформаны қолға алып, жемқорлықты жоюға тырысатынын айтты.
Тағы