«Ресей қажет етпесе, мүмкін, Карелияның жеке бөлінгені жөн шығар, осындай референдум өткізсек қайтеді?» деген сауалы үшін жазықты болған депутаттың отанына Азаттық тілшісі барып қайтты.
Донбастан қашып, Ресейдің Псков қаласында тұрып жатқан украиналық босқындарды қонақүйден шығарып жатыр. Олар "Путин далада қалдырмайды" деп сенеді.
Қырымға Украинадан электр қуатын жеткізу қиындады. Соның кесірінен жарық сөніп қалған.
Украинаның шығысындағы бітім шарты қайта бұзылып, бұл ел енді ашық соғыстың алдында тұр.
Украина президентінің кешегі одақтасы, бүгінгі қарсыласы күтпеген жерден қамалып, қайта босатылып, артынша қайта тұтқындалды. Бұл саяси қақтығыстың басы ма, әлде басқа құбылыс па?
Әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығын алған белорус жазушысы Светлана Алексиевич өзінің қазіргі даңқын «адамдар санасында төңкеріс жасауға» пайдалануға тырыспақ.
Украина жергілікті сайлауы қала мэрлері мен муниципалдық кеңес мүшелері кім болатынын анықтап қана қойған жоқ. «Олигархтардың саясатқа ықпалын шектеу керек пе?» деген сауалға да жауап берді.
Украинада бүгінгі жергілікті сайлау президент Петр Порошенконың соғысты аяқтап, экономиканы қалпына келтіру жолындағы іс-әрекетінің қаншалықты табысты екенін айқындамақ.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің жаңа кітабында 2006 жылы өткен ТМД елдері басшыларының қызықты суреті жарияланған.
Ресей армиясы ансамблінің гастрольмен Прагаға келуі Чехия қоғамында түрлі реакция тудырды.
Лондондағы Украина елшілігі «Oxford University Press баспасы оқулықта Қырымды Ресей аймағы ретінде көрсетті» деп наразы. «Оқулық оқушыны шатастырады» дейді Украина дипломаттары.
Қазанның 13-і күні Нидерланд мамандары Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing ұшағының 2014 жылы шілдеде Украинаның шығысында апатқа ұшырау себебіне қатысты түпкілікті ресми есебін жариялады.
Тағы