Қазақстанды отыз жылға жуық басқарып, былтыр президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев 6 шілдеде 80 жасқа толды. Мемлекеттік биліктің бір тармағына әлі де ықпалын жүргізіп отырған Назарбаев қандай мұра қалдырды? Азаттық Назарбаевтың замандастары мен кейінгі буын өкілдерінен сұрап көрді.
Түркіменстанда сұрапыл дауылдан соң екі ай өтсе де, одан қатты зардап шеккен екі аймақтың тұрғындары үйін әлі қалпына келтіре алмай жатқанын айтады. Елдімекендерде жарық жиі сөнеді, телефон, интернет байланысы жоқ.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "осал тұстары", әулетінің "алтын парашюті", президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бейнесі, Владимир Путиннің "байбаламы", Ислам Каримовтың "санадан өшірілуі"... Барнард-колледждің саясаттану профессоры Александр Кулимен сұхбат.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап әрі балағаттаған видеосы үшін қарағандылық Арман Хасеновтің бас бостандығын үш жылға шектеді. Ол – Назарбаев президенттіктен кеткен соң "Қазақстанның тұңғыш президентін көпшілік алдында қорлау" бабы бойынша сотталған алғашқы адам.
2019 жылы наурыздың 19-ы күні елді отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Сенаттың бұрынғы спикері Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кірісті. Сенат төрағасы лауазымы Назарбаевтың қызы Дариғаға бұйырды.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев кейінге қалдыратын мұрасына қатты алаңдайтынын көп жылдан бері байқатып келді. Ол тарих оқулықтарында өз есімі сүйіспеншілікпен аталуы үшін көп еңбектенді. Бірақ өткен жылы отставкаға кеткен Назарбаевтың бұл бейнесі көз алдында көмескіленіп барады.
Биыл Қазақстанда соңғы отыз жылда бірінші рет президент ауысты: Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына төңірегінде болған басқа адам келді. Бұрынғы президенті билікте қалған елде екінші президент қызметке қалай келген еді?
Назарбаев кім? Азаттық бұл сауалды экс-президентпен бірге қызметтес болған саясаткерге, құқық қорғаушыға, жазушы, тарихшы, саясаттанушы, жас белсендіге қойып, пікірлерін білді.
Ташкенттегі Орталық Азия елдері басшылары саммитіне Қазақстаннан қазіргі президент Тоқаев емес, экс-президент Назарбаев барды. Назарбаевтың елдің сыртқы және ішкі саясатына белсенді араласуы нені білдіреді? Шет елдер оны қалай қабылдайды? Азаттық бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаевтан сұрап көрді.
Нұрсұлтан Назарбаев наурызда өкілеттігін тоқтатқанда билік бейбіт әрі тиімді түрде Қасым-Жомарт Тоқаевқа тие қалатындай көрінген. Бірақ күтпеген кедергі де пайда болған сияқты.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді іріктегенде белгілі бұрынғы топ шенеунік һәм әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбеков лингвистикалық комиссия төрағалығына оралды. Бұл қызметті бұған дейін де бірнеше рет атқарған ол сынға да ұшырап, марапат та алған еді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылға жуық билігі кезінде Қазақстан энергетикалық ресурстарының байлығы арқасында әжептәуір экономикалық табысқа жетті. Бірақ демократияға жат басқару, саяси оппозицияны, белсенділер мен журналистердің күмәнді қазасы, оларды қудалап, түрмеге қамаумен де ерекшеленді.
Тағы