Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанды совет заманынан бері отыз жылға жуық басқарып, былтыр президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев 6 шілдеде 80 жасқа толды. Мемлекеттік биліктің бір тармағына әлі де ықпалын жүргізіп отырған Назарбаев қандай мұра қалдырды? Азаттық бұл сұрақты оның замандастары мен кейінгі буын өкілдеріне қойып көрді.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы елде коронавирус инфекциясы өршіп, науқастар мен өлім-жітім көбейген соң үкімет екі аптаға карантин шектеуін жариялаған тұсқа дөп келіп отыр. Назарбаевтың есімі берілген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің экс-президенттің туған күнімен сәйкес келетін Астана күні мерекесін көпшілік шара түрінде атап өту жоспары жұртшылық тарапынан сынға қалған соң, билік оны онлайн режимде өткізуді ұйғарды. Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаевқа кезекті ескерткіш ашылған.
Өзі Қазақстан президенті болып тұрғанда қабылданған заңдарда бекітілген "Елбасы" деген ерекше мәртебесі бар Назарбаевты шетел басшылары құттықтап жатқанын жазады ресми басылымдар. Назарбаевтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай президенті Си Цзиньпин, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Армения президенті Армен Саркисян, Украина президенті Владимир Зеленский, Польша президенті Анджей Дуда және басқалардан құттықтау хат келген.
Қазақстандықтар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отызға жылға жуық ең жоғарғы билікте отырған кезде атқарған еңбегіне әртүрлі баға береді. Кейбіреулер оны тәуелсіз Қазақстанның шекарасын бекітіп, экономикасы дамыған, басқару жүйесі орныққан мемлекет қалыптастырған реформатор тұлға деп атайды. Ал енді біреулер Назарбаевты адам құқықтары мен бостандықтарын елемейтін, саяси бәсекелестерін қуғынға салып, сайлауды әділетсіз өткізетін, азаматтар алдында еш нәрсеге жауап бермейтін, тамыр-таныстыққа сүйенген жемқорлық жүйені мұраға қалдырды сынайды.
Есмұқан Обаев, театр режиссері, 1995 - 2001 жылдары мәдениет министрінің бірінші орынбасары болған, Қазақ ССР халық әртісі:
- Қазақстан десеңіз көз алдымызға Назарбаев, Назарбаев десеңіз Қазақстан келеді. Назарбаев кезеңі – Қазақстан үшін, жалпы әлем үшін, бейбітшілік үшін, халықтар достығы үшін, экономика үшін – алтын ғасыр. Назарбаевтың еңбегі орасан зор.
Алтынбек Қоразбаев, композитор, әнші:
Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі мұрасы – Нұр-Сұлтан қаласы.
- Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі мұрасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Астананы салу оңай болған жоқ. Нұр-Сұлтанда "Қазақконцерт" ғимаратын, "Пирамиданы" және бірнеше театр салдырды. Нұр-Сұлтандағы опера театры әлем деңгейіндегі үлкен театр. Ал экономика, мұнай, саясат жағын менен сұрамай-ақ қой, ондайды түсінбеймін.
Оразгүл Асанғазы, парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты:
- Астана үшін Назарбаевқа ризамын. Жақсылығы көп болды, жастарды "Болашақпен" оқуға жіберді.
Талғат Теменов, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, режиссер:
- Шекарамызды бекітті.
Рахман Алшанов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, жоғары оқу орындары ассоциацясының төрағасы:
Экономиканы қайта құрып, жаңа салық жүйесін құрды, мемлекеттің барлық компоненттерін жасады.
- Назарбаев шекарасы бекіген, әскері, мемлекеттік басқару жүйесі орныққан мемлекет қалдырды. Қазақстан танымал елге айналды. Назарбаев экономиканы түсінетінін көрсетті, шетелден мол инвестиция тарта білді. Совет одағынан қалған экономиканы қайта құрып, жаңа салық жүйесін құрды, мемлекеттің барлық компоненттерін жасады, қазір сол жұмыс істеп тұр. 1990 жылдардың басында "Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде кезекті жанжал ошағы болады" деген болжам көп айтылды, Назарбаев ұлтаралық татулықты сақтап қалды. Бұл да үлкен мұра.
Ғазиз Алдамжаров, 1990 жылдардың басындағы Жоғарғы кеңес депутаты, оппозициядағы саясаткер:
Назарбаевтан қалған ең үлкен мұра – жемқор жүйе.
- Назарбаев туған-туыстары мен достарының проблемасын шешіп кетті. Халық совет өкіметі құлағандағы проблемасымен сол күйі қалды. Коронавирус індеті Назарбаев қандай денсаулық сақтау саласын мұраға қалдырғанын көрсетті. Бұл індет өмірдің барлық саласын жалаңаштап, Назарбаевтың мұрасы қандай екенін айқындап жатыр. Назарбаевтан қалған ең үлкен мұра – жемқор жүйе. Осы жүйе мемлекет билігін байлықтың көзіне айналдырды. Жоғары биліктегілердің отбасы шетелде тұрады. Байлығын шетелде сақтайды, шетелде оқиды, шетелде емделеді. Бұл ел оларға ақша табатын жер ғана болып қалды. Егер Назарбаев Қазақстанның болашағын ойласа, демократиялы саяси жүйе қалыптастырып кетер еді, ол керісінше болашағы жоқ саяси жүйені мұраға қалдырды.
Ақназар Абдуғаппарұлы, Шымкент қаласының тұрғыны:
Адам құқықтарын, сөз бостандығын елемейтін, әділетсіз сайлау мен жемқорлық жайлаған жүйені мұраға қалдырды.
- Өмірінде бір ғана президент көрген жастарға жауап беруге қиындау сұрақ. Өйткені Назарбаевтың қандай мұра қалдырғанын басқа президентпен салыстыра айтқан дұрыс болар еді. Менің ойымша, Назарбаев кезеңінде Қазақстан экономикасы тәп-тәуір дамыды. Халықаралық аренада Қазақстанның беделін көтерді. Бірақ Назарбаев адам құқықтарын, сөз бостандығын елемейтін, әділетсіз сайлау мен жемқорлық жайлаған жүйені мұраға қалдырды. Былтыр Арыстағы жарылысқа байланысты Арыс тұрғындарына берілетін көмек қаржы мен коронавируспен күреске бөлінген ақшаға да жемқорлардың қол салғаны – Қазақстандағы жемқорлықтың қай деңгейге түскенін көрсетеді.
Бэлла Орынбетова, "Respublika" қозғалысының мүшесі:
- Назарбаев жеке басқа табыну культін қалдырды. Назарбаев жайлы том-том кітаптар, шығармалар, фильмдер, көше, қала атаулары, ескерткіштер соның белгісі. Белгілі ақын-жазушы, өнер қайраткерлерінің билікті дәріптеуі, мадақ айтып, қолын сүю нормаға айналды. Тіпті Назарбаев көзі тірісінде ел алдындағы азаматтардың өзі көз жасын сығып алуға арланбайтын күйге жеткізді оның культі.
Белгілі ақын-жазушы, өнер қайраткерлерінің билікті дәріптеуі, мадақ айтып, қолын сүю нормаға айналды.
Назарбаев трайбализмды мұра етті. Президент айналасын, министрлерді, үкімет, ұлттық компанияларды қараңыз. Ауылдастары, сыныптастарының балалары, руластары, ағайындары... "Таңдаулы" бір әкім, министрлердің қызметіне қарасаңыз, саяси элитаға кіру үшін білікті менеджер, көреген саясаткер, мықты тұлға болу да шарт емес екенін байқайсыз.
Назарбаев авторитарлы режимді мұра етті. Лауазымды тұлғалардың президентті сынауы, өз еркімен отставкаға кетуі Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбайұлылармен бірге кеткен. Қазақстан тәжірибесінде болған ең тәуелсіз баспасөз де сол жылдары жаңа бас көтеріп, жоқ болды. Қазіргі шенді, лауазымдылар арасынан президентке қарсы сөз айтып, оппозицияға кетпек түгіл, ерекше ойлайтындарын таппайсыз. Иә, оппозициялық партиялар әлдеқашан құрыған. Үлкен астауға тұмсық тығу үшін үндемеу керек, үндейтіндерді естімеуің керек. Өкінішке қарай отыз жылда қалыптасқан жүйе дәстүрі сондай. Бізге Назарбаев осындай саяси дәстүрді мұраға қалдырды.
Ноябрь Кенжеғараев, әдебиеттанушы, зерттеуші:
Реформалар нақты зерделеніп, талқылаудан өтпей, дайындықсыз жасалатындықтан, білім мен ғылым саласы тоқырауда тұр.
- Президент Назарбаевтың 1991 жылы Түркістан қаласында мемлекеттік университет ашқаны сөзсіз ілгері қадам болды. Қазақстан 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеңестік ғылым жүйесінен толықтай бас тартты, бұрынғы кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау жүйесін тоқтатты. Содан бері ғылымның қара бұлты сейілмей келе жатыр. Жыл сайын PhD-ға қабылданатын санаулы ғана докторанттар ғылымның дамуына сүбелі үлес қоса алмады, бұл шикі жүйе бәрін де тұсаулап тұр. Реформалар нақты зерделеніп, талқылаудан өтпей, дайындықсыз жасалатындықтан, білім мен ғылым саласы тоқырауда тұр деуге толық негіз бар. Білім беру саласы 12 жылдық форматқа көшіріледі деп талай жыл жұмыс істелді, қыруар қаржы бөлінді, үш тілді білім беру жүйесі жүргізілді, оған да қыруар қаржы бөлінді, ақыр соңында екеуі де тоқтады. Білім мен ғылым саласы қордаланған проблемалары көп дүбара күйде қалды. Мұның бәрі де Назарбаев кезеңінен қалған мұралар.
Мөлдір Төреш, инженер:
- Назарбаев 157 миллиард доллар қарызды мұраға қалдырды. Мемлекет қарызы, жеке компаниялар қарызы деп әртүрлі атағанымен бұл бәрібір Қазақстан төлейтін қарыз, көпке дейін естен кетпейтін үлкен мұра.
Ғалымжан Оразымбет, қоғам белсендісі:
- Назарбаев тұтас бір жүйенің атауына, мемлекетті бұлай басқаруға болмайтынын білдіретін ұғымдардың жиынтық атауына айналды. Бұл жемқорлық, бір адам немесе бір отбасының мүддесі мемлекет мүддесінен жоғары тұру, ең жаманы – мемлекеттік қызметтің еш нәрсеге, ешкімнің алдында жауап бермеуін білдіретін ұғымдардың ортақ атауы. Ештеңе жасамай-ақ, меммлекеттік пропаганда арқасында "толағай табысқа" жетуге болатын советтік жүйені жетілдіріп, мінсіз жүйе деген біржақты түсініктерді орнықтырды. Мемлекеттің азаматтар алдында еш нәрсеге жауап бермейтіні, жауап беруге тырыспайтынының бір себебі осы, жүйе мінсіз, біз бәрін білеміз, бәрін дұрыс істейміз деген түсінік. Ал оның салдары – жемқорлық, ең төмен деңгейдегі мемлекеттік қызмет сапасы, жауапкершіліктің жоқтығы.
Пандемия Абай жылында өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақпен ғана айналысып жатқанымызды толық паш етті.
Осынша қаржы, ресурс потенциалы бола тұра жасампаз экономика жасауға тырыспағанымыз, бар әлеуетімізді құр сөз бен даңғазаға жұмсап, жасампаздыққа, ішкі инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салмай, инвестиция имитациясын табыс көзіне айналдырып алғанымыз да осы отыз жылдық жүйе жұмысының логикалық қорытындысы, соның мұрасы. Абай жылында өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақпен ғана айналысып жатқанымызды толық паш етіп тастаған пандемия – Назарбаев "жасампаздығының" ешқандай пропагандамен ақтап ала алмайтын сәтсіздікпен аяқталғанын жақсы көрсетті. Бұл жүйенің салдарын әлі тым ұзақ тартамыз. Қазірге дейін төлеген құнмен құтылмаймыз. "Назарбаев" ұғымы немесе ұғымдар жиынтығының салдары осы.
Фотогалерея: Назарбаевтың биліктегі 30 жылы
Назарбаевтың биліктегі 30 жылы
1/291989 жылы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін қоса атқарды. Ол коммунистік және советтік билік номенклатурасының барлық сатысынан өткен болатын.
Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/291990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/291991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауға кандидат болып түскен жалғыз адам - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды.
Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/29Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Содан бері Назарбаев Қазақстанды үздіксіз басқарып келеді.
Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/29Президент сайлауынан соң, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан бұрынғы Совет Одағы құрамындағы республикалардың ең соңғысы болып тәуелсіздігін жариялады. Арада тағы бірнеше күн өткенде Алматыда ТМД ұйымы (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы - ред.) құрылғаны туралы келісімге қол қойылды.
Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/29Президент Назарбаевтың жарлығымен құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы көтерген бастама бойынша 1995 жылы 29 сәуір күні Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 91,26 пайызы қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша, олардың 95,46 пайызы Назарбаевтың өкілетін ұзартуды мақұлдаған. Бұдан соң Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу және референдум жасау «дәстүрге» айналды.
Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
7/29Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстанда бүкілхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Қазақ ССР-і кезіндегі алғашқы сайлаудан басқалары заңда белгіленген мерзімінде емес, кезектен тыс өтті.
Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/292005 жылғы 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91 пайызының қолдауына ие болып, жеті жыл мерзімге Қазақстан президенті болып тағы сайланды.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/292005 жылғы 4 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болып сайланғаны туралы Орталық сайлау комиссиясы берген куәлік. Астанадағы Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайынан түсірілген сурет.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
10/29Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, 2011 жылғы 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына дауыс беруге қатысқан азаматтардың 95 пайыздан астамы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған.
Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/29Президент Назарбаевтың тұсында Қазақстанда жоғарғы заң шығарушы орган - парламент бірнеше рет таратылды. Парламентті кезекті рет таратқан соң, 1995 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қаңтарына дейін президент Назарбаев заң шығару өкілетін өзіне алып, заң күші, тіпті, конституциялық заң күші бар ондаған жарлық шығарды. Осы кезеңде Қазақстанда Негізгі заң қайта жазылып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
13/29Саяси оппоненттері Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікте отырған кезде Қазақстан Конституциясын өзіне ыңғайлап, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуді әдетке айналдырғанын айтады. Мысалы, 1998 жылғы қазан айында Конституцияға бірден 19 түзету енгізілген соң 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2007 жылы мамырда Конституцияға енгізілген кезекті түзетулердің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына еш шектеусіз түсе беретін айрықша құқық иеленді. Сондай-ақ кейін "Қазақстанның тұңғыш президенті" деген ресми атаққа ие болып, іс жүзінде қылмыстық қудалауға жатпайтын тұлғаға айналды.
Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
14/291995 жылдың сәуірінде өткізілген президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қоса алғанда, Қазақстанда 1995 жылдан бастап өткізілген президенттік және парламенттік сайлаулар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар тарапынан демократия стандарттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылмаған.
Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
15/29Қазақстанда 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабы сайлау біткен соң «Отан» саяси партиясына айналды. Кейін атауын «Нұр Отан» партиясы деп өзгерткен саяси ұйым қазір Қазақстанда заң шығарушы, атқарушы және жергілікті өкілді органдарды бақылап отыр. Елдегі ең ірі саяси партияның құрылымы мен жұмысында бір кездегі советтік коммунистік партияға ұқсастықтар да бар.
Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
16/292010 жылы 15 маусым күні Қазақстанда билікте отырған елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» (орысша «Лидер нации») деген ресми атақ беру заңмен бекітілді. Заң бойынша, Елбасының бейнесін бүлдіру әрекеттерін жасағандарға айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал баспасөз құралдары арқылы жасалған нақ сол әрекеттер үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қол тигізбеу құқығы да атап жазылып, оны бұзғандарға бес жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленді.
Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
18/29Осы уақытқа дейін жүзден астам кітаптың авторы атанған президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы шыққан бір кітабында «қаусап қалса да, СССР-ді 18 жыл басқарған» Леонид Брежневті сынаған еді. Қазақстанда Назарбаевтың кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми-практикалық жиындар, байқаулар мен тағы да басқа көптеген шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тұңғыш президент ән шығарған, тіпті Қазақстанның мемлекеттік әнұранына да өлең жолдарын жазған автор ретінде аталады.
Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
19/29Қазақстанда елдің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атында универститет пен зияткерлік мектептер, бірнеше қор, мұражайлар, саябақтар мен тарихи-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан ғылым академиясы оны «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттаған.
Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
21/29Бұрынғы СССР құрамында болған елдер арасында тек тек Қазақстанда ғана совет кезінде билікке келген басшы әлі басқарып отыр. 2016 жылы совет кезінен бері билікте ұзақ отырған Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Оның орнына Шавкат Мирзияев президент болып сайланды.
Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
22/292011 жылғы 16 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бірнеше айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылып, полиция атқан оқтан 16 адам қаза тапты. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияға ресми сапармен барды. Жергілікті журналистің Жаңаөзен оқиғасына қатысты сұрағына ол «Полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты... Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?» деп жауап берді.
«Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
23/29"Бүгінде жасы 73-тен асқан Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта кезекті мәрте президент сайлауына түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды" деп жазды Батыс басылымдары 2014 жылы. Сол жылы ақпанда өзінен болашақта сайлауға түсетіні туралы сұраған Bloomberg журналисінің сұрағына Назарбаев: «Мен 2016 жылғы желтоқсанның аяғына дейінгі мерзімге сайланғанмын, уақыты келгенде көрерміз» деп жауап берген.
Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
25/292015 жылы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы (президент жанындағы кеңесші органды президенттің өзі басқарады) осы жылы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Ассамблея сайлау өткізу қажеттігін «жаһандық сынақтардан сәтті өтуі үшін ел президентіне жалпыхалықтық сенім білдірудің жаңа мандатын беру қажеттігімен» түсіндірген. Бұл бастаманы билік партиясынан жасақталған парламент, бірқатар билікшіл партиялар мен президенттің өзі қолдап, Назарбаев сайлауды сәуірдің 26-сына тағайындау туралы жарлық шығарған. Бұл жолғы кезектен тыс сайлауға Назарбаевқа бәсекелесі ретінде көпшілік жұртқа аса таныс емес екі адам – өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясы кандидаты Тұрғын Сыздықов түсіп жатыр.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
26/292016 жылы күзде Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берді. Сұхбатында ол "2020 жылға дейін жұмыс істейтінін" айтты. Ол агенттік тілшісіне қалжыңға сүйеп, "ал 2020 жылы біз екеуміз қайта кездесеміз" деді. Назарбаев келесі сайлауға түсу туралы айтуға ертерек екенін, бұл мәселенің халық қолдауына, өзінің денсаулығына байланысты шешілетінін мәлімдеді. Осы жолы ол билікті біреуге мұраға беріп кету ойы жоқ екенін айтты.
Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған. 
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
28/292017 жылы 25 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті телеарнадан сөйлеп, Қазақстан халқына үндеу жариялады. Ол билік тармақтары арасында билік өкілеттіліктерін бөлу реформасын бастайтынын мәлімдеді. Назарбаев өзіне тиесілі бірқатар өкілеттікті парламент пен үкіметке беретінін айтты. Ол бұл ниетін "қазіргі заман талаптары" мен "демократиялық реформалар рухына" сәйкес болу мақсатымен түсіндірді. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді парламент екі жұмыс күні ішінде мақұлдады. Биліктің айтуынша, бұл өзгерістер елдің жағдайына қатысты парламент пен үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді. Freedom House халықаралық ұйымы реформаны "ескі фасадқа жағылған тағы бір қабат бояу" деп атады.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
29/292019 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілетін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылады. Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.