Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзияев бұрынғы президент Ислам Каримовтің саясатын бір жылға жетпей-ақ сынай бастады. Сарапшылардың кейбірі «Қазақстанның билігі мұнан сабақ алуы тиіс» десе, кейбірі «сабақ алу керек емес, Қазақстанның саяси бағыты тұрақты» деп санайды.
Түркіменстанның автократ басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов сан қырлы "талантының" тағы бірін жұртқа паш етті – бұл жолы мемлекеттік БАҚ президенттің әскерилерге тапанша мен мылтықтан дәлдеп атып, қанжарды қалай қадауды үйреткенін көрсетті.
Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова елде әкесінен кейінгі ықпалды тұлға болған заманда көптеген танымал адамдар оны үздіксіз мақтайтын. Қазір солардың ешқайсысы басынан бағы тайған Каримованы қорғауға ниет білдірмей отыр.
Аты аңызға айналған совет генералы Иван Панфиловтың жиеншарларына қарсы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиенінің талап-арызына қатысты өткен әрі судьяның талап-арызы бойынша адвокаттардың өздеріне қарсы қылмыстық іске ұласқан сот шуы Грузияда жалғасты. Тбилисиде өткен наразылық акциясына қатысқандар Назарбаевтың жиеніне қарсы сотта ақыры жеңіске жеткен Панфиловтың жиеншарларының адвокаттарына араша түсті, ал бұл жеңіс әлеуметтік желілерде скептицизмге ұласты.
Орталық Азия президенттері билікте ұзақ отырған сайын кітаптары жиі шығады және оларды мадақтаған шаралар да үдей түскен.
Астана күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнін желі қолданушылары да талқылап жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Астана халықаралық әуежайына үкімет қаулысымен маусымның 20-сы күні берілді. Президент есімін стратегиялық нысанға беруді біреулер қолдаса, енді бір сарапшылар мұны "жеке басқа табынудың" белгісі санайды.
Кей сарапшылар ертеректе құрылған әдеп жөніндегі уәкіл институты ережелеріне енгізілген түзетулер - мемлекеттік қызметшілер арасындағы «перманентті моральдық дағдарысты» мойындау әрі оны жеңуге тырысқан кезекті әрекет деп санайды.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қаламынан шыққан кітаптар мен оның өмірі және қызметі туралы шығармалар Душанбенің кітап дүкендерінде ең көп сатылатын кітаптарға айналған.
Орталық Азиядағы постсоветтік елдердегідей Өзбекстанда да автократ басшыны мадақтап, арнау айту дәстүрі бар болатын. Бірақ Өзбекстанның жаңа басшысы мұндай мадақты қажет етпейтініне сендіргісі келеді.
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін биыл бітіретін студенттер «Нұр Отан» партиясына ақша жинап, кейбірі партияға «еріктерінен тыс мүше болып жатқандарын» айтады. Университет басшылығы «студенттердің таңдау еркі бар» дейді.
Тәжікстанда мемлекеттік БАҚ журналистері енді ел президенті Эмомали Рахмон туралы материалдарында оның «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысы» деген атағын толықтай жазып, көрсетуі тиіс.
Тағы